Қазақстан іздеу салып, ұстай алмай жүрген Қожамжаров Ресейде емін-еркін жүр
Коллаж: Orda.kz
Журналистер Қазақстанның бұрынғы қаржы полициясының басшысы және экс-прокуроры Қайрат Қожамжаровты Мәскеуде жүрген жерінде суретке түсіріп алды.
Orda.kz деректеріне сүйенсек, іздеу жарияланғанына және қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан оны билік елге қайтара алмай жатыр.

Elmedia басылымы кеше жариялаған суреттерде Қожамжаров Мәскеу астанасында тыныш әрі алаңсыз өмір сүріп жатқаны көрінеді. Балаларын ВГУЮ жанындағы беделді гимназияға апарып әкеледі, метромен еркін жүреді, қымбат мейрамханада кешкі ас ішеді. Қысқасы, Қазақстан жанталасып іздеп жатқан Қожамжаровтың мұртын балта шаппаған.

Ал Қазақстан болса экс-шенеунікке қарсы тергеу жүргізіп жатыр. Қожамжаровқа лауазым өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен келген табыстарды заңдастыру айыптары тағылған. Баптар бойынша оған мүлікті тәркілеумен бірге 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Алайда экс-шенеунік елден кетіп қалған, ал билік оның экстрадициясы жайлы ләм-мим деп жақ ашпады.
Тергеу тек Қожамжаровқа ғана қатысты емес, таяқтың бір ұшы оның араласатын ортасына да тиіп отыр. 2025 жылдың жазында оның сенімді адамы Талғат Татубаев ұсталды. Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель күдікті ретінде іс материалына енді. Ал қыркүйекте экс-қаржы полицейінің тағы бір серігі — Мақсат Дүйсеновтің ұсталғаны белгілі болды.
Құжаттарда «Қорғас ісі» бойынша фигуранттарға қысым жасалғаны және азаптау фактілері де көрсетілген. Сол кезеңде Қожамжаров «шектеусіз өкілеттігі бар қатал генерал» атанып кеткен еді.
Қожамжаров соңғы рет Қазақстанда 2023 жылдың қараша айында Болат Назарбаевтың жерлеу рәсімінде ғана көзге түскен.
Мәжілістегі адамдар оны көп жылдар бойы мықты адам деп санаған. Олар Қожамжаровтың осынша уақыт саяси жағынан беделді болып қалған себебі оның саяси элита жайлы көп сыр білетіндігінде деп санады. Сондай-ақ, ол Ленинградта Дмитрий Медведевпен бірге оқып, ұзақ уақыттан бері таныс-біліс болған соң ешкімге дес бере қоймады деп ұқты. Енді тергеушілер осы көп жыл бойы бой бермеген шыңның ұшар басына бұрынғы серіктерінің куәліктері арқылы жетуге тырысып жатыр. Ал экстрадиция мәселесі қазір бізге беймәлім.
Еске сала кетсек, Қайрат Қожамжаровтың серігі — бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсенов Германиядан саяси баспана сұраған. Дегенмен Orda.kz-ке Мақсат Дүйсеновтің қолында Қазақстандағы беделді тұлғаларға әсер ететін деректер болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық