Қазақстан енді ақбөкен мүйіздерін заңды түрде экспорттай алады
Самарқанда өткен CITES Конвенциясына мүше тараптардың 20-конференциясында Қазақстан популяциясынан алынған ақбөкен мүйіздеріне қойылған нөлдік экспорттық квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
CITES тараптарының дауыс беру қорытындысы мынадай болды: 111 ел — қолдады, жеті ел — қарсы шықты.
5 желтоқсанда конференцияның ресми жабылу рәсімінде CITES-тің бас хатшысы Ивонн Игуэро Қазақстанның ақбөкендерді сақтау бағытындағы жетістіктерін атап өтіп, дәл осы табыстар елге жануар мүйіздерін халықаралық саудаға қайта шығаруға мүмкіндік бергенін жеткізді.
«Қазақстанда ақбөкен саны тарихи минимум — 21 мың бастан төрт миллионға дейін өсті. Бұл әсерлі нәтиже түрдің ұзақ мерзімді тұрақты өседі деген сенім бар. Ол тараптарға Қазақстаннан алынатын дериваттардың халықаралық саудасын қатаң бақыланатын тәсілмен қайта жандандыруға келісім беруге мүмкіндік жасады», — деді ол.
Мұндағы дериваттар сөзі — ақбөкен мүйізінен жасалған немесе оның өңделуі нәтижесінде алынған өнімдер: ұнтақ, жартылай фабрикаттар, бұйымдар және т.б. білдіреді.
Қазақстан реттелген халықаралық саудадан түсетін табысты биоалуантүрлілікті сақтау, мониторинг жүргізу және экожүйелерді қалпына келтіру шараларына бағыттау міндеттемесін растады.
Нөлдік экспорттық квота — белгілі бір тауарды шетелге шығаруға тікелей тыйым салу дегенді білдіреді.
CITES — жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің халықаралық саудасына қатысты конвенция. Оның басты мақсаты — табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тиісті тыйымдар мен қатаң бақылау орнату және мүше елдер арасындағы ынтымақтастық механизмдерін дамыту арқылы түрлердің жойылып кетуіне жол бермеу.
Жалпы елімізде жылына екі рет – 1-31 желтоқсан аралығында, сондай-ақ 15 сәуірден 15 мамырға дейін ақбөкендер төлдейтін кезеңде экологиялық науқан өткізіліп тұрады.
Биыл біз жем-шөм іздеп Ресейге өтіп кеткен жануарлар орала ма, әлде аштан қырыла ма, деген тақырыпта ғалымның пікірін жариялаған едік.
Сонымен қатар биыл елімізде мыңдаған ақбөкендердің бір мезетте қырылып қалған оқиғалары да болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық