Қазақстан да бар: Сот 75 ел азаматтарына АҚШ визасын беруге салынған тыйымды жойды
Фото: visaglobal.com.ua
АҚШ соты Дональд Трамп әкімшілігінің Қазақстанды қоса алғанда, 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтату туралы шешімінің күшін жойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Дженнетт Варгас бұл саясат АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға заңмен берілген өкілеттік шеңберінен асып кеткен деп шешті.
Федералдық судья Мемлекеттік департамент қаңтарда жариялаған бұл саясаттың «анық заңсыз» екенін және федералдық иммиграциялық заңнамаға қайшы келетінін мәлімдеді. Заң Мемлекеттік хатшының иммиграциялық виза алуға өтініштерді қарау кезінде консулдық қызметкерлердің жұмысына араласуына тікелей шектеу қояды.
«Өтініш берушінің азаматтығына байланысты иммиграциялық визаларды беруге толық тыйым салатын бұл саясат заңмен белгіленген жүйені тікелей бұзады» деп жазды судья.
Дженнетт Варгас бұл шешімді АҚШ-тың бұрынғы демократ президенті Джо Байден тағайындаған судья ретінде шығарды. Іс иммигранттардың құқықтарын қорғайтын Catholic Legal Immigration Network және African Communities Together ұйымдарының, сондай-ақ иммиграциялық виза алуға өтініш берген азаматтар мен тізімге енген елдердегі отбасы мүшелеріне демеушілік жасайтын АҚШ азаматтарының талап-арызы негізінде қаралды.
Президент Дональд Трамп АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған қатаң иммиграциялық саясат жүргізіп келеді.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті 21 қаңтардан бастап Қазақстанды қоса алғанда, 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқанын хабарлаған еді. Бұл шара өтініштерді қарау тәртібі қайта қаралған кезеңде белгісіз мерзімге енгізілген болатын.
Мемлекеттік департамент өкілдерінің мәлімдеуінше, аталған елдерден өтініш берушілердің «мемлекеттік әлеуметтік көмекке тәуелді болу және жергілікті билік органдарының, штат билігінің және АҚШ федералдық үкіметінің ресурстарына жүгіну қаупі жоғары».
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық