АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан және тағы 74 ел үшін иммиграциялық виза беруді тоқтатты
Фото: Envato
АҚШ мемлекеттік департаменті 21 қаңтардан бастап иммиграциялық визалар беру уақытша тоқтататылатынын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, «бұл шара уақытша және америкалық тарап иммиграциялық өтініштерді өңдеу тәртібін қайта қарауды аяқтағанға дейін белгісіз мерзімге дейін қолданылады».
Мекеме өкілдері әлеуметтік көмекке тәуелді болу қаупі бар тұлғаларға елге кіруге шектеу қойылатынын мәлімдеді.
Fox News дерегінше, АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктеріне әлеуметтік тәуелділік қаупі жоғары үміткерлерге виза беруден бас тарту жөнінде нұсқаулық жіберілген. Шешім қабылдау кезінде консулдық қызметкерлер келесі факторларды ескеретін болады:
- денсаулық жағдайы,
- жасы,
- ағылшын тілін білу деңгейі,
- қаржылық жағдайы,
- ұзақ мерзімді медициналық күтімге мұқтаж болу ықтималдығы.
Сонымен қатар, мемлекеттік департамент адамның АҚШ-тың әлеуметтік бағдарламалары есебінен өмір сүруі мүмкін деген негіздер болған жағдайда, оны елге кіруге жарамсыз деп тану құқығын белсендірек қолданбақ.
Айта кетейік, Трамп өзін «Педофилдердің қорғаушысы» деп атаған Ford жұмыскерін балағаттады.
Тақырыпқа сай оқи отырыңыз:
- АҚШ билігі 43 мемлекеттің азаматтарына елге кіру ережелерін қатаңдатты
- Қазақстан Neo Nomad цифрлық көшпенді визасын енгізді
- Қазақстан жаңа инвесторлық виза енгізеді
- Қазақстан әлемнің 26 елімен өзара визасыз режимді енгізуге мүдделі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық