АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
Фото: visaglobal.com.ua
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз атташесі Кристофер Соренсен АҚШ визасын алу процесіне қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақпарат АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының Instagram парақшасында жарияланған.
«Қазақстанда жыл сайын мыңдаған өтініш беруші виза алады. Қазақстан – Орталық Азиядағы АҚШ визасы 10 жылға дейін берілетін жалғыз ел. Ең бастысы – анкетаны шынайы толтырып, сұхбат барысында сұрақтарға адал жауап беру», – деді Кристофер Соренсен.
Оның айтуынша, кейбір агенттіктер виза алу мүмкіндігін арттыру үшін өтінішке жалған немесе нақты емес ақпарат енгізуі мүмкін. Алайда мұндай деректер анықталған жағдайда виза берілмейді, ал ауыр жағдайларда болашақта мүлде виза алу мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
«Сонымен қатар делдалдардың қызметі көбіне артық шығынға әкеледі. Сондықтан барлық ақпаратты тек шынайы түрде ұсыну қажет. Әдетте паспорт, DS-160 сауалнамасын растау, әңгімелесуге жазба парағы және таяудағы фотосурет жеткілікті. Қосымша құжаттар тек жекелеген жағдайларда ғана сұратылады»,— деді ол.
Сонымен қатар елшілік қызметкері әңгімелесу үшін ағылшын тілін еркін білу қажет деген сөзді жоққа шығарды.
«Қазақстанда әңгімелесуді ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде өткізуге болады. Алайда кейбір студенттік және жұмыс визалары үшін ағылшын тілін меңгергендігін растау қажет» ,— деді Кристофер Соренсен.
Ол егер бұрын виза беруден бас тартылса, енді виза алуға жол жоқ деген ұңысды да жоққа шығарды.
Оның айтуынша, алдыңғы бас тарту болашақта автоматты түрде бас тартылады дегенді білдірмейді. Егер сіздің жағдайыңыз өзгерсе, сіз қайтадан өтініш бере аласыз. Ең бастысы - өз жағдайыңды адал айтып, шынайы ақпарат беру.
B1/B2 визасы бойынша АҚШ-та жұмыс істеуге болады деген ақпаратқа қатысты ол:
«Жоқ. B1/B2 визасы тек қысқа мерзімді іскерлік сапарлар мен туризмге арналған. Ол АҚШ-та жұмыс істеуге немесе қызмет көрсетіп, ақы алуға құқық бермейді. Виза шарттарын бұзу депортацияға және келуге тыйым салуға әкеп соғуы мүмкін» деп жауап берді.
Туристік виза бойынша жұмысқа орналасуға немесе мәртебесін өзгертуге уәде берген делдалдарға сенбеңіз. Өз визаңыздың шарттарын және АҚШ-та болу мерзімдерін әрдайым сақтаңыз, деп кеңес берді дипмиссия өкілі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Ташиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсида» қала ма?
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр