Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Фото: Orda.kz
Бүгін, 21 сәуірде таңертең қазақ халқы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның денесі театр сахнасының төріне қойылып, оның үстіне жасыл кілем жабылған. Сахнаға ақынның бір шумақ өлеңі жазылған:
«Біз шыққан тау – шындық тауы,
Барлық таудан биік тау!»
Ақын Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 84 жасына қараған шағында дүние салды.
Қоштасу рәсіміне жиналған жұрттың қарасы көп.
Сахнадан мәдениет министрі Аида Балаева, сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және басқалары ақынды жақсы сөздермен еске алып, қазақ жұрты мен ақынның туыстарына көңіл айтты.
20 сәуір күні мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бүгін президенттің көңіл айту жеделхатын қаралы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.
Жиынға көптеген жазушы, қоғам қайраткерлері жиналған. Сондай-ақ, көрші елдердің де ақын-жазушылары келген. Театр толы адам, ақынмен қоштасуға келіп жатқан адам қарасы көп. Залда қаралы музыка ойнап тұр. Шахановты ақтық сапарға шығарып салуға зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, үзеңгілес жолдастары келген. Ақынға әнші Димаш Құдайберген де келіп, тағзым етті.
@ordaqazaqs 21 сәуірде таңертең Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Рәсімге қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен ақынның жақындары жиналды. Марқұмның денесі театр сахнасына қойылып, үсті жасыл кілеммен жабылған. Сахнада ақынның бір шумақ өлеңі ұсынылды: «Біз шыққан тау – шындық тауы, Барлық таудан биік тау!» Еске салайық, Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 84 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
♬ түпнұсқа дыбыс - ORDA
Қоштасуға келгендер арасында қарапайым жұртпен қатар жазушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері бар.
Мұхтар Шаханов – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухтың символына айналған тұлға. Ол өзінің шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе Желтоқсан оқиғасының шындығын батыл көтерген қаламгер ретінде тарихта қалды.
Бұған дейін туыстары ақынның соңғы аманатын орындап, оны Отырардағы Арыстанбаб кесенесінің қасына жерлегісі келетінін айтқан болатын. Бірақ бұған дейін басқа да ақпарат пайда болып, ақынның Алматыдағы Кеңсай-2 зиратында жерленетіні туралы айтылды. Шахановтың жұбайы президентке күйеуінің соңғы аманатын орындауды өтініп хат жолдады.
Бүгінгі қоштасу рәсіміне қатысты азалы жиында ақынның жерлеу рәсімі Түркістан облысындағы «Қоғам» ауылдық зиратында болатыны хабарланды.
Рәсім 22 сәуірде, сағат 11:00-де болады. Ал асы Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы «Жұлдыз» мейрамханасында өтеді.
Мұхтар Шахановтың өмір жолы тек әдебиетпен шектелген жоқ. Ол журналистикадан бастап, саясатқа дейінгі қазақ руханиятына қатысты барлық мәселеге араласты. Кезінде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Парламентінде депутат болды, сол кезде өршіл ақын ұлттық мүдде мәселелерінде батыл көзқарасымен танылды. КСРО-ның дәурені жүріп тұрған кезде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты Кремль мінберінен тайсалмай, шындықты талап етіп, сөз сөйлеген санаулы тұлғалардың бірегейі.
Оқи отырыңыз:
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық