Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Фото: Ақын мұрағатынан
Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, кеше түнде Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден озды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтты.
Марқұмның жаназасы 21 сәуірде сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында шығарылып, қоштасу рәсімі өтеді. Асы 13:00-де «LuxHall» банкет залына (Достық даңғылы, 341/1) беріледі. 20 сәуір күні сағат 19:00-де «Жұлдыз» мейрамханасында қонақасы беріледі.
Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ақын Мұхтар Шахановтың қайтыс болған соң оның жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми өтініш жолдады.
Өтініш хатта Шахановтың соңғы аманаты нақты көрсетілгені, оны Отырар өңіріндегі қасиетті Арыстанбаб кесенесінің маңына жерлеу екені айтылған. Сонымен қатар өтініш иесі осы істі мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі арқылы үйлестіруге ықпал ету сұраған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық