Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен

cover Фото: ru.haberler.com

Қатардың өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде күшті жарылыс болды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, сондай-ақ із-түзсіз жоғалғандар туралы да ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.       

Елдің Ішкі істер министрлігі Х әлеуметтік желісінде мәлімдегендей, оқиға Доха қаласына жақын орналасқан Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде болған.

Алдын ала болжам бойынша, жарылыс жұмыс жүргізу кезінде техникалық ақау салдарынан туындаған.

Қазіргі уақытта тиісті органдар оқиға салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір улы заттардың таралуы тіркелмеген.

Ведомствоның мәліметінше, осы уақытқа дейін кемінде 54 адам зардап шеккені белгілі. Сонымен қатар 18 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Құтқару қызметтері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

@ordaqazaqs

Жарылыс 21 маусым кешінде Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік қаласында болды. Бұл — елдің табиғи газ экспортының басты терминалы орналасқан стратегиялық нысан. QatarEnergy компаниясы жарылыс газ жеткізу кәсіпорнында өндірісті қайта іске қосу кезінде болғанын растап отыр. Одан кейін өрт шықұан. Қатар ІІМ-нің мәліметінше, апат себебі — техникалық ақау. Айта кетейік, Рас-Лаффан бұған дейін Иранның соққысына ұшыраған болатын. Содан бері нысан бірнеше апта бойы жабық тұрған. Жарылыс зауыт жұмысын қалпына келтіру кезінде, яғни жұмысшылар өндірісті жаңадан қосып жатқанда болды. Салдарынан 54 адам жарақат алды, тағы 18 адамның тағдыры белгісіз — хабарсыз кеткен деп саналады.

♬ оригинальный звук - ORDA - ORDA

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар