Берлин жұрты Шпрее өзенінде шомылуға салынған 101 жылдық тыйымға қарсы шықты
Фото: Deutsche Welle
Берлин орталығында Шпрее өзенінде наразылық ретінде жаппай шомылу өтті — қатысушылар 101 жылдық тыйымды алып тастауды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Германия астанасының орталығында шамамен 500 адам бр мезгілде Шпрее өзеніне түсіп, тағы сонша адам жағалауда өткен наразылық акциясына қатысты. Олар өзенде шомылуға салынған тыйымды алып тастауды талап етті, деп хабарлады rbb24 телеарнасына Flussbad Berlin ұйымының өкілі. Шомылушылардың арасында берлиндік саясаткер, социал-демократ Штеффен Крах та болған.
Берлиннің қала аумағындағы Шпрее өзенінде шомылуға 1925 жылдан бері тыйым салынған. Ол кезде бұл шешім өзеннің ластануы және соған байланысты денсаулыққа төнген қауіптермен түсіндірілген.
Берлин Сенаты (қала үкіметі) қазіргі таңда да қала орталығында шомылуға тыйым сақталып отырғанын, ешқандай ерекшелік қарастырылмағанын және оны алып тастауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қоршаған ортаны қорғау басқармасының айтуынша, өзендегі су сапасы, мысалы, найзағайлы жаңбырдан кейін күрт нашарлап кетуі мүмкін.
Соңғы жылдары Берлинде жаз мезгілінде аптап ыстық жиілеп кеткен. Сондықтан қала ортасында өзенге түсіп, салқындау идеясы көптеген тұрғындар үшін барған сайын тартымды болып келеді. Бір жыл бұрын дәл осындай акция тыйымның мерейтойына орай ұйымдастырылып, оған да жүздеген адам қатысқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық