Астана маңындағы жол апатынан екі жол талғамайтын көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
Фото: Orda.kz
21 маусымда Астана — Қорғалжың тасжолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы үш көліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соққыдан кейін екі Toyota жол талғамайтын көлігі өртеніп кеткен.
«Алдын ала деректер бойынша, жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді» деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
Бұған дейін Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртеніп, екі жасөспірім мен бір ересек адам тірідей жанып кеткен болатын. Өртті сөндіру кезінде көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, олардың екеуі — кәмелетке толмағандар.
Тағы бір адам зардап шегіп, Ақтөбедегі №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамның денесінің жоғарғы бөлігі күйіп қалғаны белгілі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық