Қаржы министрлігі: Жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді
Иллюстрация: DALL-E
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу жүйесін жасанды интеллект арқылы автоматтандыру қолға алынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, тендер арқылы байып кетуге тырысу әрекеті тоқтар емес. Жосықсыз қатысушылар бұрынғысынша бағаны көтеріп, техникалық тапсырмаларды өздеріне қолайлы, нақты бір компаниялардың мүмкіндігіне сәйкестендіреді.
Қазір мұндай бұзушылықтарды ішкі аудит комитеті қолмен анықтайды. Болашақта бұл іспен жасанды интеллект айналысады. Алгоритм тауарлар мен көрсетілетін қызмет бағаларын дерекқормен салыстырады және егер көтеріңкі баға табылса, автоматты түрде хабарлама жібереді. Осыдан кейін тапсырыс берушінің өтінімді қайтарып алып, оны қайта өңдеуіне тура келеді.
«Мысалы, егер жүйе жиһаз құнының нарықтағы бағамен салыстырғанда жоғары екенін байқаса, ол бірден хабарлама жібереді», — деп нақтылады вице-министр.
Оның сөзінше, автоматтандыру адам факторын жоюға және тендерлерге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін біз алты айда жеті мың конкурс өткізген тендершілер Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу жүйесін бұзып отырғаны туралы жазған болатынбыз.
Біз назар аударған байқау – «Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында «Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ашылуы» ресми іс-шарасына Шымкент қаласы делегациясының қатысуын ұйымдастыру қызметтері». Ол 2024 жылдың наурыз айында ойнатылып, келісім-шарттың жалпы сомасы шамамен 3,4 миллион теңге болған.
Оқи отырыңыз:
- ЖЭО-ның қарызға салынып, тариф арқылы халықтың мойнына ілінетіні нақтылана түсті: бұған АЭС-тің қандай қатысы бар?
- Инфосығандарды «ауыздықтайтын» уақыт келді: коучсымақтар біліктілігін дәлелдесін
- Қарашаның ақшасына алынған «хан» сыйлығы: Алматы облысы әкімдігіне люкс джиптер қайдан келді?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық