Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады: Алаяқтар билет сатып жатыр
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда 14 тамыз күні америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті қарсаңында бірқатар көшелерде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Өнерпаз Қазақстанда алғаш рет жартылай сфералық сахнада шоуын ұсынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концерт өтетін күні сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Алматының үш көшесі жабық болады.
Канье Уэсттің концерті өтетін күні қаладағы үш учаске жабылады:
- Абай даңғылы — Мұхтар Әуезов атындағы театрдан Сейфуллин көшесіне дейін;
- Сәтбаев көшесі — Байзақовтан Сейфуллинге дейін;
- Байтұрсынов көшесі — Тимирязевтен Шевченкоға дейін.
Бұл шектеулер метро жұмысына еш әсер етпейді.
Бұған дейін құқық қорғау органдары билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға шақырады. Төлем жасалғаннан кейін сатып алушыға ваучер беріледі, ал 13 тамыз күні ол автоматты түрде бірегей QR-коды бар электронды билетке ауыстырылады.
Полицияның мәліметінше, осы күнге дейін дайын QR-коды бар билеттер болмайды. Сондықтан «қолдан», әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде сатылып жатқан мұндай билеттер алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін.
Билеттерді қайта сату да тек ресми түрде жүзеге асырылады: ескі ваучер жойылып, жаңа иесінің атына жаңа билет рәсімделеді.
Сатылым басталған кезде билеттердің бағасы 120 мыңнан 350 мың теңгеге дейін болған. Бағасының жоғары болуына қарамастан, олар тез сатылып жатыр.
Осы концертке бола, Алматылық «Қайрат» футбол клубы еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі матчын Түркістанда өткізетін болды. Клубтың баспасөз қызметі матчтың ауыстырылуына америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті себеп болғанын мәлімдеді. Концерт 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
Сонымен концерт пен еурокубок күнтізбесінің тығыздығына байланысты клуб өз матчтарын өз аренасында өткізе алмайтын болды. Соңғы күндері «Қайрат» өкілдері УЕФА-ға матч өтетін орынды өзгерту туралы өтініш жасап, Еуропалық футбол қауымдастығы бұл өтінішті мақұлдады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық