«Қайрат» клубы мәлімдеме жасады: Канье Уэсттің концерті келісілмеген
Фото: Әлеуметтік желіден
«Қайрат» ФК Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайрат футбол клубының баспасөз қызметі америкалық рэпер Канье Уэст (Ye) концерті 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадион алаңында өтеді деген ақпараттың келісілмегенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін концерт ұйымдастырушылары әртістің Орталық стадионда өнер көрсететінін хабарлап, билет сату сервисі жуық арада сатылым бастайтынын жариялаған еді. Алайда «Қайрат» клубы аталған күнге ешқандай келісім болмағанын айтты.
Клуб мәліметінше, 8 және 15 тамыз күндері «Қайрат» Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңында матчтар өткізуі тиіс. Сонымен қатар, 11–13 тамыз аралығында команда еурокубок шеңберінде де өз алаңында ойнауы мүмкін.
Баспасөз қызметі мұндай ауқымды концертті өткізу үшін сахнаны ұзақ уақыт құрастыру және қайта жинау қажет болатынын, бұл стадион инфрақұрылымы мен футбол алаңына қосымша жүктеме түсіретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде аренаны матчтарға дайындауға әсер етуі ықтимал.
«Тиісті келісімдер толық аяқталғанға дейін 14 тамыздағы концерттің өтетін орны ретінде Орталық стадионды жариялау ерте», деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ олар стадионда өтетін кез келген жаппай іс-шаралар бекітілген футбол күнтізбесін ескере отырып, барлық мүдделі тараптармен келісілгеннен кейін ғана ұйымдастырылуы тиіс екенін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстандағы Глюкоза әншісінің гастрольдері де өтпейтіні хабарланған болатын. Алматы мен Астанада 7 және 8 ақпанға жоспарланған концерттер тоқтатылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық