Қамза экстрадицияланғаннан кейін Өзбекстандық блогер Хикматов халықаралық іздеуге жарияланды
Фото: ҚМА
Махмуд Хикматов (Маха.dxb) арқылы 35-тен астам блогер өткен. Олардың арасында жақында Вьетнамнан экстрадицияланған Қайсар Камза да бар. Қамза туралы бұған дейін жазғанбыз, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде Маха.dxb деген лақап атпен танымал Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматовты халықаралық іздеуге жариялады. Сот оның қамауға алынуына санкция берді. Блогердің қайда жүргені туралы ақпарат берген адамға ҚМА сыйақы беруге уәде етіп, ақпарат берушінің анонимдігіне кепілдік берді.
Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстанда Sultan Games, PINCO, Nomadcasino, Pin-Up, Vavada және басқа да заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалау бойынша тұрақты схема жұмыс істеген. Ұйымдастырушылар ақшаны эквайринг, мобильді коммерция және криптовалюта арқылы қабылдап, төлеп отырған.
Хикматовқа бұл схемада нақты рөл берілген. Тергеу мәліметінше, ол казино жарнамасын орналастыру үшін қазақстандық инфлюенсерлерді іздеген. Блогер бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізген.
«Хикматов блогерлерден олардың әлеуметтік желілеріндегі статистиканы (жазылушылардың демографиялық және географиялық көрсеткіштері, аудиторияны қамту көрсеткіштері) сұратқан. Осы мәліметтер негізінде жарнамалық қызметтердің құны анықталған», – деп хабарлады ҚМА.
Жалпы Маха.dxb 35-тен астам блогерді тартқан. Олардың қатарында Instagram желісінде екі миллионнан астам жазылушысы бар миллиондық аудиториялы блогер Қамза да болған. ҚМА мәліметінше, Қамза қазақстандықтарды тыйым салынған құмар ойындарға қасақана тартқан. Блогер казиноларға апаратын реферальды сілтемелерді орналастырып, әрбір өткен адам үшін сыйақы алған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық