Денесінен көгерген іздер көрдім: Ашыбұлақта әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты
Фото: Pexels
Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары оның күйеуінен зорлық-зомбылық көрген болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның әпкесі Әзиза Мырзақұлованың сөзінше, Гүлмира өмірге құштар, жақындарына үнемі көмектесіп жүретін адам болған. Туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін жеткізді. Гүлмира медицина саласында білім алып, шамамен бес жыл ауруханада жұмыс істеген. 26 жасында өзінен 13 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шығып, кейін егіз баланы дүниеге әкелген.
Туыстарының айтуынша, отбасында жанжал жиі болған. Қайғылы оқиға болған күні Гүлмира жақындарына бейнеқоңырау шалып, күйеуінің өзіне күш көрсететінін айтқан. Сондай-ақ денесіндегі жарақаттарды көрсеткені де айтылады. Марқұмның анасы Оразгүл Монбекова қызының өлімін отбасындағы зорлық-зомбылықпен байланыстырады.
«Зорлық-зомбылықтың кесірі деп ойлаймын. Басқа ешқандай себеп жоқ. Мәйітханада қызымның денесіндегі көгерген іздерді көрдім», – деді ол.
Ал марқұмның қайын атасы бұл айыптауларды жоққа шығарып, ұлы әйеліне қол көтеруі мүмкін емес екенін айтты. Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді полиция өкілі.
Қазір әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Іс бойынша Гүлмираның күйеуі күдікті деп танылған. Оның кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Сондықтан оның кінәсі туралы түпкілікті шешімді тек сот шығарады.
Оқи отырыңыз:
- Future Games-2026: Павел Дуров Астанада өткен ЖИ олимпиадасы жеңімпаздарына 100 мың доллардан астам сыйақы береді
- Батыс Қазақстандағы күре жолда жүріп келе жатқан автобус жанып кетті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық