Қырғызстанның экс-премьер-министрінің ұлы Алматыдағы тергеу абақтысында отыр
Фото: Егемен Қазақстан
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің ұлы Ұрмат Үсенов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған қырғызстандық Kaktus Media басылымы жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, трансұлттық қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген. Іс бойынша одан бөлек Қырғызстанның екі, Қазақстанның бір азаматы күдікті деп танылды. Олардан құны 46 миллион теңгеден асатын 1,6 тонна қорқор темекісі тәркіленген. Заңсыз әрекеттен келтірілген шығын 26 миллион теңгеге бағаланып отыр.
«Бұрынғы премьер-министр Данияр Үсеновтің (Даниил Урицкий атымен де белгілі) ұлы Ұрмат Үсенов Алматыдағы №18 тергеу изоляторында отыр» деп хабарлады қырғыз басылымы дереккөздерге сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, ол заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдік бойынша тергеліп жатыр.
«Онымен бірге бұл іс бойынша Қырғызстанның тағы екі азаматы – Е. Ж. мен А. Н., сондай-ақ Қазақстан азаматы Б. А. күдікке ілінген. Тергеу деректеріне сәйкес, келтірілген шығын көлемі 26 млн теңге. Ал тәркіленген кальян темекісінің құны 46 млн теңгеден асады. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 1,6 тоннадан артық. 10 наурызда Алматы соты күдіктілерді екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция берген» деп жазылған хабарламада.
Данияр Үсенов Қырғызстан үкіметін 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың сәуір айына дейін басқарған. Ол жаппай наразылықтар ұшыққан кезеңде премьер-министр қызметінен кеткен. БАҚ-тардағы ашық мәлімет бойынша, ол алдымен Ұлыбританияға кеткен. 2017 жылы Беларуське қоныс аударып, Даниил Урицкий есімін қабылдап, «Беларусь ұлттық биотехнологиялық корпорациясы» жабық акционерлік қоғамын басқарған.
Қырғызстанда Үсеновке бейбіт тұрғындарды жаппай атқылауды ұйымдастырды деген айып тағылған. Қырғыз соты оны сырттай 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
Orda.kz осы мәселеге қатысты Алматы қалалық полиция департаментіне сауал жолдады. Мақала жарияланға кезде жауап болған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық