Өндірісте жарақат алып, қолы кесілген: Сот жұмыс берушіні 28 606 425 теңгелік протез алып беруге міндеттеді
Фото: gov.kz
Алматы облысында қызметкердің құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды сот шешімі шықты. Іле аудандық соты қызметкер құқығын қорғап, компанияны протез алып беруге міндеттеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Іле аудандық соты өндірісте жарақат алған азаматтың жұмыс берушіге қатысты талабын қарап, жауапкер серіктестікті жоғары технологиялық протез сатып алуға міндеттеді.
Сот материалдарына сәйкес, талап қоюшы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған. Соның нәтижесінде оның саусақтары кесіліп, мүгедектік белгіленген.
Медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы талапкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын және өмір бойы протезге мұқтаж екенін растады.
Сот отырысында жарақаттың қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде болғаны дәлелденді. Сонымен қатар, талапкердің қалыпты өмір сүру сапасын қалпына келтіруі мен қоғамға бейімделуі үшін заманауи, жоғары технологиялық протез қажет екені анықталды.
Істі қарау нәтижесінде сот қолданыстағы заң талаптарын негізге ала отырып, жауапкер ЖШС-ін талапкер Ж.Е.-нің пайдасына нақты міндеттемелерді орындауға міндеттеді.
Атап айтқанда, компания Республикалық протездік-ортопедиялық орталық АҚ-пен «Манифесто» маркалы микропроцессорлық басқаруы бар көпқармалы қол протезін дайындау және сатып алу жөнінде келісімшарт жасасуы тиіс. Протездің жалпы құны — 28 606 425 теңге.
Сот шешіміне сәйкес, келісімшарт заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде жасалуы қажет;
жауапкер протездің толық құнын (сатып алынған кездегі бағамен) төлеуге міндетті. Сондай-ақ протездеу кезеңіндегі медициналық стационарда емделу шығындарын да өтеуі тиіс.
Бұл шешім өндірісте зардап шеккен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың нақты үлгісі болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, мұндай істер жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, жұмыс орнында жарақат алған қызметкерге келтірілген зиянды өтеу — жұмыс берушінің міндеті. Бұл тек материалдық шығындарды ғана емес, сонымен қатар қызметкердің денсаулығын қалпына келтіруге қажетті оңалту шараларын да қамтиды.
Сот шешімі талапкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және оны қажетті медициналық әрі техникалық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі таңда шешім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер 3 маусымнан бастап күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
- Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
- Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
- Парсы шығанағы елдері Иранның Иордания, Кувейт және Бахрейнге жасаған шабуылдарын айыптады
- Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
- Қазақстандағы несиелерге не болып жатыр: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді
- Арқалықтық блогер әйелдерге қатысты жыныстық қылмыстар үшін 10 жылға сотталды
- Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім көз жұмды
- 20 жыл бойы «қара тізімде» болған Қырғызстан үшін Еуропа аспаны ашылды
- Тергеудегі Тәшиев көпшілік алдына шығып Жапаровты мақтады
- Сүйіп, порно көрсетті: 15 жастағы қыз атасы жасаған анайы қылықтарды айтып берді
- АҚШ Иранға қарсы жауапты соққы берді: Ормуз бұғазындағы шиеленіс күшейді
- WornerBros фильмдерін ақшаға көрсетіп, қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам сотталды
- Маңғыстаудағы жартас мешітінің тарихи келбеті қалпына келтірілді: Пластик терезелер мен есіктер алынып тасталды
- Қазақстанда іздеуде жүрген 371 шетелдік анықталды, 107 адам ұсталды
- NASA: Artemis III – адамзаттың Айды қайта игеру жолындағы маңызды миссия
- Сталкингке қарсы заң жобасы: Қыз алып қашу — дәстүр ме, қылмыс па?
- Иран СІМ АҚШ әскери күштерін аумақтан тезірек әкетуге шақырды
- Судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары кісі өлімінің жан түршігерлік жай-жапсарын айтты
- Сарбаз оқпанда қалған пулемет оғынан қаза тауып, офицер 4 жылға сотталды