Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
Фото: ашық дереккөз
Қырғызстанда бірден үш бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікке мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті бойынша ресми түрде айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Олардың қатарында бұрынғы ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев, экс-депутат Құрманқұл Зулушев және Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Тұргынбекулу бар.
Күштік құрылымдардағы дереккөздердің айтуынша, күдіктілер ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында жауап алынған.
Басылымның жазуынша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерден жауап алу бірнеше сағатқа созылған, содан кейін олар ведомство ғимаратынан кеткен.
Әзірге тағылған айыптардың нақты мән-жайы мен тергеу барысы ресми түрде жарияланбады.
Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған болатын. Оның өзі бұл шешімді күтпегенін айтқан.
Ал ел президенті Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік қызметке енді ешқашан оралмайтынын мәлімдеді.
Жақында Жогорку Кеңеш депутаты Эльвира Сурабалдиева сұхбатында Қамшыбек Тәшиевтің қызметтен мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін босатылғанын айтқан.
Ал Садыр Жапаров Тәшиевпен дос болып қалатынын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Жемқорлыққа қатысы бар: Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық