Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
Қайсар Қамза. Фото: ЖИ өңдеген көрнекі сурет
Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап беріп, блогер Қайсар Қамзаға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, Қайсар Қамза 2026 жылғы 6 тамызда Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған. Ол лицензиясыз электронды және интернет-казино қызметін заңсыз ұйымдастыруға көмектесті және аса ірі мөлшерде табыс табуға қатысты деген күдікке ілінген. Блогерге ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі және 307-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Осы бап бойынша оған халықаралық іздеу жарияланған еді.
Қайсар Қамза биыл маусымда Вьетнам аумағында Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросы жолдаған сұрау негізінде ұсталған. Кейін Қазақстан тарабы оны экстрадициялау туралы өтініш жіберген. Нәтижесінде блогер Қазақстан мен Вьетнам арасындағы 2017 жылғы экстрадиция туралы келісімге сәйкес елге жеткізілді.
Бұған дейін Бас прокуратура Камзаның Қазақстанға әкелінгеннен кейін қамауға алынғанын хабарлаған.
Істе тағы төрт күдікті бар
ҚМА осы қылмыстық іс бойынша тағы төрт адамның күдікті ретінде танылғанын мәлімдеді. Олар:
- Дмитрий Дружински;
- Марина Левкович-Гинзбург;
- Дмитрий Пунин;
- Марина Ильина.
Алайда агенттік олардың әрқайсының іс бойынша нақты қандай рөл атқарғанын жарияламады. Ведомство мұны сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға заңмен тыйым салынғанымен түсіндірді. Дружински мен Левкович-Гинзбург бұған дейін де ҚМА-ның назарында болған. 2026 жылғы ақпанда оларға Қазақстандағы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған.
Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстандағы PIN-UP және PINCO онлайн-казиноларының қызметі елден тыс жерде отырған адамдар тобы арқылы ұйымдастырылған. ҚМА Дружински мен Левкович-Гинзбургті осы жүйенің үйлестірушілері ретінде атаған.
Ал жаңа күдіктілердің бірі Дмитрий Пунин ашық деректерде кәсіпкер әрі Punin Group компаниясының негізін қалаушы ретінде көрсетіледі. Тағы бір күдікті Марина Ильина — RedCore компаниясының негізін қалаушы және бас директоры ретінде танылады. Аталған компания 2025 жылы PIN-UP Global құрылымының трансформациясынан кейін құрылған.
Қайсар Қамзаның іске қатысы қандай?
ҚМА-ның бұған дейінгі мәліметінше, Қамза 2025 жылдың қаңтарынан бастап өзінің әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі үлкен аудиториясын пайдаланып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казинолардың жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға тартқан деген күдікке ілінген.
Бас прокуратураның мәліметінше, блогерге интернет-казиноны жарнамалағаны үшін криптовалюталық әмиянына 200 мың долларға жуық қаражат түскен. Тергеу мәліметтері бойынша, іс ұйымдасқан топтың 2021–2025 жылдар аралығындағы қызметіне қатысты. Осы кезеңде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казино ұйымдастырылып, төлем терминалдары арқылы 106 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз айналымға түскен деген болжам бар.
Прокуратура бұған дейін іс бойынша тоғыз адамның қамауда отырғанын хабарлаған.
Қайсар Қамза — Instagram желісінде шамамен 2,2 миллион жазылушысы бар қазақстандық блогер. Ол бұған дейін де жарнама заңнамасын бұзғаны, заңсыз ұтыс ойындарын өткізгені және онлайн-казиноны жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық