«Қайрат» футбол клубтарының әлемдік рейтингіне шықты
Фото: Қайрат ФК
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемнің үздік 500 клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
IFFHS рейтингіне кірген Қазақстанның жалғыз клубы алматылық «Қайрат» болды. Ол 90,75 ұпай жинап, 240-шы орынды иеленді. Бұл ретте команда кейбір танымал клубтардан жоғары болып шықты. Мысалы, француздық «Ницца» 242-орынды, Испаниядан «Севилья» - 252-орынды, ал Англиядан «Вест Хэм» - 253-орынды иеленді.
Рейтингте көшбасшы орынды француздық «Пари Сен-Жермен» иеленді. Екінші орында мадридтік «Реал». Лондонның «Челси» командасы әлемнің үздік командаларының үштігіне кірді.
Аталған рейтинг 2024 жылдың 1 желтоқсаны мен 2025 жылдың 30 қарашасы аралығында командалардың өнер көрсетуін ескере отырып жасалған.
Бұрын хабарланғандай, алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары рейтингінде Килиан Мбаппені басып озды. Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков биылғы Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы атанды. 22 жасында турнирдің төрт ойынында 24 сейв жасап, ең көп голдың алдын алған ойыншы ретінде статистикалық көрсеткіш бойынша көш бастап тұр.
Еске салсақ, «Қайрат» футболдан 2025 жылғы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды. Сонымен бірге Чемпиондар лигасының алдында «Қайрат» сапына тағы бір бразилиялық ойыншы қосылды.
Осы айдың басында «Қайрат» (U19) командасы «Астана-Аренада» өткен UEFA жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турында грек «Олимпиакосын» 2:0 есебімен жеңді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық