Көрісу мерекесі – Наурыз жоралғыларының бірі
Baribar
Көрісу, Амал мерекесі қазақта бар ма? Ол бізге қайдан келді? Оның Наурыз мейрамына қатысы қанша? Осы және басқа да сұрақтарға ORDA. жауап береді.
Кең етек жайып келе жатқан Көрісу күні 2019 жылы 10 сәуірдегі премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес 2020 жылы ақпанда мерекелік күнтізбелер қатарына енгізу жоспарланды. Алайда мерекелер қатарына енгізілмей қалды.
Көрісу, Амал мерекесі қайдан шықты?

2002 жылы жарыққа шыққан «Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедиясы»:
– Көрісу Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді, деп жазды.
Энциклопедияда берілген түсініктемені Уикипедия жариялады. Осыдан кейін адамдар Амал мерекесін бір-біріне жаппай тарата бастады.
Алайда этнограф Серік Ерғали оған қарсы пікір білдіріп, Наурыздан басқа мейрам бөліп шығару дәстүрді бұрмалау дейді.
Оның айтуынша, Көрісу күні деген жәй ғана Наурыздама жоралғылары.
Наурыздама («наурызнама» емес, ол тойлату ұғымын береді) – ертеде наурыздың алғашқы күнін Батыс Қазақстан, Сыр өңірі, Қостанай, Торғай, Астрахань, Сарытау, Самар, Орынбор тұрғындары Наурызды тойлататын. Оны «амал», «көрісу» деп атамаған.
1988 жылы 21-22 наурыздың ресмиленуіне байланысты «Амал» деген атау мәжбүрлі түрде қалыптасты.

Сонымен қатар, Серік Ерғали өз сөзін былай дәйектеді:
- Шын мәнінде халқымыз Наурыз айының алғашқы (ескіше – 1 наурыз кәзіргі 14-не сәйкес) күнінен бастап, Наурыз мерекесін бір ай бойы мейрамдаған. Қазақтың белгілі білімдары - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 8 күндік наурыздама өтетінін жазады. Ол ескіше: 1-8 наурыз, кәзіргі күнтізбеде 14-21 наурыз аралығы.
- Тағы бір дәйек: Шәкәрім атамыздың баласы Ахаттың естелігінде: «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың (ұлы істің) ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс (ұлы іс) күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлы іс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс (ұлы іс) күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар».
Көрісу мейрамы қайда тойланады?
ORDA. аймақ тұрғындары Көрісу мейрамынан қаншалықты хабардар екенін анықтап білді.

Елизавета Клобукова, Орталық Қазақстан тұрғыны:
– Көрісу мерекесі туралы бұрын естімегенмін. Таныстарымнан сұрасам олар оны мүлде білмейді екен. Қазір уикипедия арқылы көріп отырмыз. Ата-апаларымыз да мұндай мерекенің барынан хабарсыз, деп аң-таң болды.

Ендеше мұнда мерекенің қазаққа жат екеніне көз жеткізуге болады. Себебі, Елизаветаның сөзіне Шығыс Қазақстан тұрғыны Ләйлә Бұтабаева да қосылды.
– Амал мерекесі жайлы естігенмін, бірақ Қазақстанның басқа аймақтарында тойланбаса, бізде аталып жатқанын көрмедім, деді Бұтабаева.
Серік Ерғалидың ұсынған бұл пікірі туралы «Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедиясының» авторы Әнес Ғарифолла не ойлайтынын ORDA. сұрады.

– (Баспагер сұрақты ести салысымен күлді.) «Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедиясы» менің 80-шы жылдардың соңында «Жаңғырған салт-дәстүрлер» кітабымның негізінде жазылған. Өзім ауылдан шыққандықтан, мейрамның куәгері болғанмын. Бірақ Ұлттық мұражайдағы «Бес сом» этнографиялық сөздігінде менің сөзімнің дәлелі бар. Онда барлығы көрсетілген. Ерғали мырзаның 9 күн тойлайық, 10 күн тойлайық дегені өзінің қиялы ғой. Мен барлығын қалай бар, солай бердім. Серік Ерғалидің ұстанымы дұрыс деп, халық қолдаса солай болғай. Бірақ тарихта болған дүниені ешкім жуып, кетіре алмайды ғой. Тарихи факт тарихта қалады, деп жауап берді Әнес Ғарифолла.
Баспагердің айтуынша, осы энциклопедиядан көрісуді де, наурызды да табуға болады.
ORDA. Ұлттық мұражай мен Ұлттық кітапханаға хабарласып, аталған сөздікті мұрағаттан іздеп көрді. Өкінішке орай, «Бес сом» этнографиялық сөздігі не мұрағатта, не желіде табылмады.
Біреудікі дұрыс, біреудікі бұрыс
Бірақ Әнес мырзаның сөзін Оңтүстік, Солтүстік және Батыс тұрғындары қолдап отыр.

Жылқыбай Абдулла, Солтүстік Қазақстан тұрғыны:
– Көрісу туралы білемін, себебі біздің отбасымызда ол аталып өтіледі. Қазақи отбасынан шыққан соң Көрісу күнінде туысқандарымыздың шаңырақтарын аралап, көрісіп, төс қағысып, жылы лебіздерімізді білдіреміз. Бір жағынан Айтқа ұқсайды. Білуімше, елордалықтар өз ішінде бұл мерекені тойлайды, деді.
Ал Оңтүстік аймақта бұл мейрам қазіргі таңда жаппай тойланбаса да, балалық шағы 1950-60 жылдары өткен ата-апалар мерекені күлімсіреп еске алды.

Жұмагүл Отарбаева, Оңтүстік Қазақстан тұрғыны:
– Көрісу күні бұрыннан сол 14 наурыз тойланады. Қазір тек Батыста сақталған, бірақ ертеректе біз жақта да жиі аталатын. Кішкентай кезімде атама Қапалдар жиналып, көрісуге келіп жататыны есімде бар. Жасы кішілер үлкендерді құрметтеп, әулеттің ақсақалдары мен жолы үлкендеріне келіп, көрісіп, қыстан аман шығып, жаңа жылға жеткендерін айтып, бата алатын. Қазір басқа этностардың заңдары басымдылық танытып, тойланбай қалды. Қазір жоқ болса, бұрындары да аталмады деген сөз емес, деп өз естелігімен бөлісті.

Көрісу күнін барынша сақтап қалған Батыс Қазақстан тұрғыны Дана Қабиева:
– Көрісу бізде 14 наурыздан басталады. Үлкен шаңырақтарға арнайы барып, көрісіп жатамыз. Мысалы, әулеттегі үлкен қариялардың үйлеріне 14 мен 15 наурыз күндері барып қайтуға барынша тырысамыз. Әдетте, көрісуге бір-екі апта уақыт кетеді. Сол аралықта жасы үлкендерге барып көрісеміз. Себебі, олар жастарды күтеді. Батыстағы кез келген үйге қонақ келіп қалады деп, дайын отырады. Ол дегенім дастарханын жайып, аз-маз дайындалады. Мысалы, Наурызда да барлық үй қонақ шақырмаса да, көжелерін жасап, бауырсақтарын пісіреді. Дәл солай біз жақта Көрісу жақындағанда 8 наурызға таман азық-түліктерін алып, қонақ күтуге жағдай жасай бастайды. Ол тек отбасының ішінде ғана емес, сонымен қатар, басқа да ұйымдар да тойлануы мүмкін. Тіпті, танымайтын адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біреудікі дұрыс, біреудікі бұрыс деуге келмейді. Бірақ Әнес Ғарифолла айтпақшы, тарихта болған дүние тарихта қалады.
Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісуі құтты болсын! Жаңа жастарыңыз құтты болсын!
Жаңалықтар
- Елімізде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады