Израиль мен Ливан өзара бітімді 45 күнге ұзартты
Фото: Ашық дереккөзден
16 сәуірде екі ел алғаш рет 10 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Кейін бұл келісім бірнеше рет ұзартылды. 14–15 мамыр күндері АҚШ-та өткен келіссөздерден кейін Израиль мен Ливан бітімді тағы 45 күнге ұзартуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы X әлеуметтік желісінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томми Пиготт мәлімдеді.
«16 сәуірдегі атысты тоқтату режимі алдағы ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін 45 күнге ұзартылатын болады», – деді ол.
Келіссөздер 2 және 3 маусымда қайта жалғасады деп күтілуде.
«Бұл талқылаулар екі ел арасында берік бейбітшілік орнатуға, бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық мойындауға және ортақ шекара бойында шынайы қауіпсіздік қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Пиготт.
Айта кетейік, бітім жарияланғаннан бері Израиль мен Ливан бір-бірін келісімді бірнеше рет бұзды деп айыптап келеді. Бұған дейін Израиль өздерінің Ливанмен емес, Ливан аумағындағы «Хезболла» тобымен соғысып жатқанын бірнеше рет мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық