АҚШ Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі 14 тармақты жоспарын қабылдамады
Коллаж: ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі 14 тармақтан тұратын жоспарын қабылдамады.Тегеранның мәлімдеуінше, Вашингтон ядролық бағдарлама мәселесінде тағы да «қысым көрсетуді» ұстанған, деп хабарлайды Orda.kz.
Иранның Tehran Times газеті өзінің Telegram-арнасында АҚШ Иран ұсынған қақтығысты реттеу және соғысты тоқтату жөніндегі 14 тармақтан тұратын жоспарды қабылдамағанын хабарлады.
Иран наурыздың басында АҚШ-қа 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспар жолдаған болатын.
Басылымның мәліметінше, Вашингтон Тегеранға жазбаша жауап жолдап, онда иран тарабының барлық ұсыныстарын кері қайтарған.
«Тегеранның ұсыныстарын қабылдамай, АҚШ тағы да өзінің қысым көрсету ұстанымын растады, әсіресе ядролық мәселе бойынша» деп жазды газет.
Иранның ұсынысы екі кезеңнен тұратын келіссөздер процесіне негізделген. Бірінші кезеңде барлық майдандағы әскери әрекетті тоқтату көзделген, ал Тегеран қойған шарт орындалғаннан кейін келіссөздердің екінші кезеңіне — Иранның ядролық бағдарламасына арналған талқылауға көшу жоспарланған.
Вашингтон тарабы ресми растаған да жоқ, Иран жоспарының мәтінін жариялаған да жоқ.
Бұған дейін Иран өз жауабын АҚШ ұсыныстарына байланысты тараптар арасындағы келіссөзде делдал болып отырған Пәкістан арқылы жібергені хабарланған еді.
АҚШ президенті жуырда Иран ұсыныстарын сынап, Тегеран «ойын ойнап отыр» деп мәлімдеді. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі ықтимал келісімнің негізгі шарты ретінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шектеулерді талап етуді жалғастырып отыр.
Бұған дейін Иран Қытай кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуін жеңілдеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық