Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың радарлары мен ұшақтарына соққы жасады
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Иран әскері жұма күні Сирия, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт және Иордания аумақтарындағы америкалық әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың айтуынша, бұл әрекет АҚШ-тың Иран аумағына жасаған шабуылдарына жауап ретінде жүзеге асырылғанын РИА Новости агенттігі жазды.
Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) мәліметінше, соққы нысаналарына радиолокациялық станциялар, тікұшақтар мен ұшақтардың орналасқан орындары, сондай-ақ басқару орталықтары, казармалар және логистикалық орталықтар кірген.
ИРСК Иран күштері Әль-Удейд авиабазасы (Катар) аумағында америкалық жанармай құю ұшақтары мен алыс қашықтықтан анықтайтын радарды жойғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Иорданиядағы жойғыш ұшақтар мен жанармай таситын ұшақтарына соққы берілгені айтылды. Бахрейндегі Сахир базасында АҚШ Әуе күштерінің тікұшақтары мен ұшақтары орналасқан орындарға да шабуыл жасалған.
Бұдан бөлек, ИРСК Кувейт аумағында HIMARS зымыран кешендерінің ұшыру қондырғыларын жойғанын хабарлады. Сонымен қатар, Иран әскері америкалық әскери күштердің орналасқан жерлеріне және «АҚШ пен Израильдің антиреволюциялық жалдамалыларына» соққы беріп, көптеген арнайы жасақ сарбаздары мен қарсыластарының көзін жойғанын да айтты.
АҚШ шабуылдарына жауап ретінде Иран күштері Сирияның оңтүстік-батысындағы ат-Танф ауданында қарсыластың арнайы операциялар күштерінің басқару орталығына соққы жасаған.
«Соққы нәтижесінде радиолокациялық станциялар, бірнеше арнайы операция тікұшақтары және көптеген әскери қызметкер жойылды» деп жазылған ИРСК мәлімдемесінде.
Сондай-ақ Иран әскері Омандағы америкалық радарларға да соққы бергенін де хабарлады. Мәлімет бойынша, Саламе ауданындағы теңіз бақылау радары мен Ганам ауданындағы әуе бақылау радары жойылған. ИРСК дерегінше, Иорданияда орналасқан бірнеше америкалық жанармай таситын ұшақтары мен жойғыштар баллистикалық зымырандар мен дрондардың соққысынан жойылған.
ИРСК Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы Таяу Шығыстағы АҚШ флотына қарсы ықтимал операция уақытының жақындап қалғанын ескертті.
«Америкалықтар әр сәт сайын өздерін «шешуші сәтке» — АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) теңіз күштеріне қарсы операцияға жақындатып келеді» деп жазылған ИРСК таратқан мәлімдемеде.
Сонымен қатар, ИРСК АҚШ пен оның аймақтағы базалары орналасқан елдерге Иранның «қызыл сызықтары» — ел инфрақұрылымы мен халқына жасалған шабуылдар бұзылған жағдайда қатаң жауап болатынын ескертті.
«Бұл әскери тарихта қалатын жауап болады», деп атап өтті олар.
АҚШ пен Иран 8 шілдеден бастап бір-біріне соққы алмасуды қайта бастаған. Сол кезде АҚШ президенті Дональд Трамп бітімнің күшін жойғанын мәлімдеп, ИРСК Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасады деп айыптаған. Жексенбіге қараған түні Тегеран Вашингтон аймақ істеріне араласуын тоқтатпайынша теңіз жолын жабатынын жариялады.
Эскалацияның жаңа кезеңі тараптар қақтығысты тоқтатуға бағытталған меморандумға қол қойғаннан кейін небәрі үш апта өткен соң басталды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады
- Қытайда тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты
- Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?
- Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың радарлары мен ұшақтарына соққы жасады
- 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылады
- «Қайрат» клубы мәлімдеме жасады: Канье Уэсттің концерті келісілмеген
- Не себепті Қазақстан банктері зейнеткерлерге несие беру рәсімін күрделендірді?
- Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысып, сөз сөйледі
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?