Иран Американың Кувейт пен Иорданиядағы әскери нысандарына жаңа соққы жасады
Фото: apa.az/asia/ksir
Ислам революциясы сақшылары корпусы Кувейттегі әскери базадағы әуе қорғанысы жүйесінің радиолокациялық станциясына, сондай-ақ АҚШ әскерилері шоғырланған орынға соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ora.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Негізгі ақпарат Press TV телеарнасының деректеріне негізделген.
«Кувейттегі Әли ас-Сәлем авиабазасындағы C-RAM жүйесінің радиолокациялық станциясы және америкалық әскери қызметкерлер жиналған аудан «Наср-2» операциясының сегізінші толқыны барысында жасалған біріктірілген соққы нысанасына айналды» деп жазылған ИРСК мәлімдемесінде.
Кувейт армиясының бас штабы қарсы тараптың ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы тойтарылғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта Кувейттің әуе қорғанысы күштері қарсылас дрондарының қауіпіне жауап беруде» деп жазды ведомство X әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Бас штаб естілген жарылыстар әуе қорғанысы жүйесі жұмысына байланысты екенін растады.
Сонымен қатар ИРСК Иранның оңтүстік-батысындағы Эндимешк қаласы үстінде америкалық MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшағы жойылғанын мәлімдеді, деп РБК-да жазды. Бұл тураалы IRIB және Tasnim агенттіктері де мәлімдеген.
Эндимешк қаласы Иранның оңтүстік-батысында, Хузестан провинциясында орналасқан, сол аттас қаланың әкімшілік орталығы. Бұл маңызды көлік торабы, қала арқылы Тегеранды Ахвазбен байланыстыратын Транс-иран теміржолы өтеді.
Сонымен қатар Press TV мәліметінше, Иран әскері Иорданиядағы АҚШ әскерилерінің байланыс жүйелері мен жанармай қоймаларына шабуыл жасағанын хабарлаған. Бұған дейін АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы америкалық әскерилердің Иранға қарсы тәуліктегі екінші соққы толқынын аяқтағанын мәлімдеген.
Ол кездегі нысаналар қатарында Иранның командалық орталықтары, әуе және жағалау қорғаныс нысадары, зымыран және ұшқышсыз қару жүйелері болған.
Соңғы келісім мәресіне жетпей тоқтағаннан кейін АҚШ пен Иран арасындағы өзара соққы алмасу бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр.
Еске салсақ, ИРСК АҚШ аймақтағы істерге араласуын тоқтатпайынша Ормуз бұғазын толық жабатынын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық