Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
Иллюстрация discoveryalert.com.au сайтынан
Иран АҚШ өзінің энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасаған жағдайда Қызыл теңіз арқылы өтетін мұнай тасымалы жолын жабуға дайын болуды сұрап, Йемендегі хуситтер қозғалысына жүгінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы бейсенбі күні үш дереккөзге сілтеме жасап Reuters хабарлады. Дереккөздердің айтуынша, Иранның одақтасы саналатын хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазы маңындағы кемелерге шабуыл жасауға дайындықты аяқтап, бұйрық күтіп отыр.
Иранның жоғары лауазымды екі өкілі мен аймақтық дереккөздің мәліметінше, бұл идея Ислам Республикасының басшылығы деңгейінде талқыланып, хуситтерге жеткізілген.
«Топ Баб-эль-Мандеб бұғазы маңына, Қызыл теңізге кіретін негізгі қақпаға, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын орналастырып, кемелерге шабуыл жасауға толық дайын. Қазір операцияны бастау туралы бұйрықты күтуде» деп мәлімдеген хуситтерге жақын дереккөз.
Басылымның жазуынша, хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге немесе порттарға соққы беруі, қазірдің өзінде жабық тұрған Ормуз бұғазымен қатар, Таяу Шығыстан мұнай экспорттайтын екі маңызды бағытты бір мезгілде жабылады. Бұл өз кезегінде энергетикалық дағдарыста да, Иран мен АҚШ арасындағы кең ауқымды қақтығыста да жаңа шиеленіс ошағын ашуы мүмкін.
Шиеленістің күшеюі аясында хуситтер Сауд Арабиясына зымыран ұшырды. Олар корольдікті өз бақылауындағы әуежайды бомбалады деп айыптап, төрт жылдық бітімді бұзды.
Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін Парсы шығанағынан мұнайдың едәуір бөлігі Сауд Арабиясы құбыры арқылы Қызыл теңізге бағытталған болатын. Қазіргі таңда осы бағыт арқылы әлемдік энергия жеткізілімдерінің шамамен жеті пайызы тасымалданады.
Оқи отырңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық