«Ақтаудағы әуе апаты»: Ильхам Әлиев Ресейді айыптады
Фото: ӘЗЕРТАДЖ
6 қаңтарда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL ұшағы жолаушыларының өліміне қатысты Ресей өкілдерін айыптап, батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz ӘЗЕРТАДЖ сайтына сілтеме жасап.
Қайтыс болғандардың жақындарымен және аман қалған экипаж мүшелерімен кездесуде ол әуе кеңістігін жабуға бағытталған «Кілем» операциясы ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін ғана жарияланғанын атап өтті.
«Егер әуе кеңістігінде қауіп туындаса, оны дереу шешу қажет. Бұл барлық елдерге ортақ тәжірибе. Неліктен экипажға алдын ала ескертпеді? Неліктен әуе кеңістігі уақытында жабылмады? Бұл сұрақтарға тергеу жауап беруі керек», - деді Әлиев.
Сондай-ақ, ол қайғылы оқиғадан 10 күн бұрын Грозный маңында болған осыған ұқсас жағдайды еске салды, ол кезде AZAL ұшағы қауіп-қатерге байланысты кері қайтқан болатын. Оның айтуынша, Ресей Қарулы Күштері мен азаматтық қызметтер бірге әрекет етпегеннен қайғылы жағдайға әкеліп соқты.
Президент дер кезінде шара қабылданған болса оқиғаның алдын алуға болатынын атап өтіп, оқиғаны объективті түрде зерттеуге үміттенетінін айтты.
Еске сала кетсек, бүгін Әзірбайжан билігі қазақстандық құтқарушыларды марапаттаған болатын.
Тоқаев бұған дейін «арандатуға жол бермеу» жайлы және ұшақ апатына қатысты басқа да шұғыл тапсырмалар берген.
Апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алатын қаралы күн деп жариялады.
Соңғы сапарға аттанған ұшақ жайлы толық ақпаратты тілшіміздің мақаласынан оқыңыздар.
Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтың жазба құрылғыларын («қара жәшіктерді») Бразилияның авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық