Соңғы сапар: Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жайлы толық ақпарат
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау әуежайында Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer-190 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Orda.kz осы оқиғаға қатысты тың деректерді баяндайды.
ҚР көлік министрлігінің дерегіне қарасақ ұшақта 62 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ құлаған жерден 4 адамның мәйіті табылды.
Маңғыстау әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұшақта болған 67 адамның 29-ы аман, бірақ зардап шеккендер бар. 27 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Embraer-190 ұшақтары туралы
Embraer-190 – заманауи жолаушылар ұшағының стандартты бір түрі. Ол 3,3 мың шақырымға дейінгі қашықтықта ұша алады және 100 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Әлем бойынша мұндай ұшақтың 1,5 мыңнан астамы шығарылды.
Embraer ұшақтары қауіпсіз деп есептеледі. Ақтаудағы апатқа дейін бүкіл әлемде осы типтегі ұшақтарда үш рет өлім-жітімге ұшыратқан апат болды. Оның біреуінде ұшаққа террористік шабуыл жасалды. 2020 жылғы ғылыми зерттеу деректеріне қарасақ, Embraer ұшағында апаттың ықтималдығы – 0,1%. Бұл Boeing-767 ұшағындағы апат ықтималдығы жеті есе төмен.
2007 жылдан 2024 жылға дейін Embraer ұшақтарының жетеуі бірдейі апатқа ұшырап, қайта қалпына келмейтіндей зақымдалған. Алайда, олардың көбінде адам өлімі болмаған.
Бұған дейінгі қайғылы оқиғалар:
- 2010 жылы 24 тамызда Қытайдың Ичун қаласында Embraer E-190 ұшағы қону алаңынан шығып, бөлшектеніп, өртеніп кетті. Нәтижесінде 44 адам қаза тапты.
- 2012 жылғы 29 маусымда ұйғыр террористері Қытайдың Қотан қаласы әуежайында Embraer E-190 ұшағын басып алуға тырысты, оқиға барысында екі лаңкес қаза тапты.
- 2013 жылғы 29 қарашада Embraer E-190 ұшағы Мапуту (Мозамбик) қаласынан Луандаға (Ангола) ұшып бара жатып, Намибияның Бвабвата ұлттық паркі үстінде апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы 33 адамның барлығы қайтыс болды.
- Ақтаудағы апатқа дейін Embraer ұшағында болған соңғы ірі оқиға 2024 жылдың 18 ақпанында тіркелді. Белград әуежайында дат ұшағы ұшу кезінде зақымданған. Ұшақ қатты зақымдалғанымен, адам шығыны болған жоқ.
- Қазақстандық Embraer ұшағына қатысты ең белгілі оқиға 2018 жылы Лиссабон аспанында болған. Air Astana әуекомпаниясының Embraer-190 ұшағы Лиссабоннан Алматыға Минск арқылы ұшуға тиіс болған, бірақ басқару жүйесі істен шықты. Бұл рейсте тек үш экипаж мүшесі мен үш жолаушы болған. Адам өлімі болмады, бірақ бір жолаушы жарақат алып, ұшақ айтарлықтай зақымданды.
Енді Embraer ұшақтарының өлім-жітімге ұшыратқан апаттар тізіміне Ақтаудағы трагедия да қосылды.
Апатқа ұшыраған ұшақ туралы не белгілі?
Embraer-190 ұшағы, борт нөмірі 4K-AZ65, 11 жыл бойы пайдаланылған. 2013 жылы Бразилияда өндірілген бұл ұшаққа Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы «Гусар» атауын берген.
Бұл ұшақ Бакуден Ресейдің Қазан, Волгоград, Астрахан, Грозный қалаларына, сондай-ақ Түркия, Иран, Грузия, Чехия және Бахрейн елдеріне тұрақты халықаралық рейстерге шығып отырған. 2017 жылы біраз уақыт Buta Airways әуекомпаниясының ливреясында ұшып, кейін қайтадан Azerbaijan Airlines компаниясына қайтарылған.
15 желтоқсан күні бұл ұшақ бір рет Грозныйға жете алмай, қосалқы аэродромға қонуға мәжбүр болған. Сол кезде рейс AHY8243 Бакуден Грозныйға ұшып бара жатып, Грозный әуежайының уақытша жабылуына байланысты Бакуға оралған. Жабылу себебі дрондардан төнген қауіп.
25 желтоқсан күні Грозный әуежайында дрондарға байланысты мәселе туындамағанымен, ұшақ қайтадан басқа әуежайға бағытталды. ТАСС агенттігінің мәліметінше, AHY8243 рейсі Грозныйға емес, Махачқалаға қонуы тиіс болған. Бұл шешім Грозныйдағы қалың тұманға байланысты қабылданды.
«Гусар» соңғы сапарына Баку қаласындағы Гейдар Әлиев әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 7:49-да (Астана уақытымен 8:49-да) аттанды. Ұшуларды бақылау сервистері деректеріне қарасақ, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 37 минуттан соң радардан жоғалып, содан кейін Каспий теңізінің үстінде қайта радардан көрінді. Ұшақтың соңғы бағыты – Ақтау әуежайына қарай бұрылған ирек сызық. Ұшқан жолы әуеден қарағанда «сегіздік» секілді көрінеді.
Flightradar24.com сайтындағы сурет:
Астана уақыты бойынша 11:30-да 4K-AZ65 борт нөмірлі ұшақ Ақтау әуежайына шұғыл қонбақ болды. Алайда апатқа ұшырап, ұшақ екіге бөлініп, өртеніп кетті.
Апат себептері туралы не белгілі?
Telegram-дағы AviaIncident арнасының мәліметіне қарасақ, 25 желтоқсан күні рейс бойынша ұшқанда ұшақ экипажы апаттық дабыл берген. Пилот басқару жүйесінің істен шыққанын хабарлап, шұғыл түрде бағытын өзгертіп, Ақтауға ұшуға шешім қабылдаған. Ұшақта барлығы 62 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі бар.
Борттағы ақаулардың нақты себебі әзірге белгісіз. Алайда негізгі болжам — құстармен соқтығысып қалу мүмкіндігі. Бұл нұсқаны ұшақ иесі, Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы да топшылап отыр.
Басқару жүйесінің істен шығуына байланысты ұшақ бағытын өзгертіп, Каспий теңізінің үстінен Қазақстанға бұрылып, Ақтауға ұшқан. Ақтау апаттық жағдайда қонуға ең қолайлы әуежай болған сияқты. Махачкала мен Грозный жақынырақ орналасқанымен, ол жаққа қону үшін тауларды айналып өту қажет еді, ал басқару жүйесі істемей тұрғанда бұл әлдеқайда қауіпті болған.
Қонуға әрекет жасамас бұрын, ұшақ Ақтау әуежайының үстінен бірнеше айналым жасаған. Кейін төмендей барып, құлаған сәтте өртенді.
Қазіргі деректерге қарасақ, ұшақтағы 29 жолаушы тірі қалған. Қалғандары, соның ішінде бүкіл 5 экипаж мүшесі, қаза тапты.
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тың деректерді мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
- АҚШ-та Трамптың инаугурациясынан кейін бірден мигранттарға қарсы рейд басталады
- Ақтөбеде полиция ғимаратында есірткі сақтаған және сатқан полицей сотталды
- Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолды ірі қар көшкіні жауып қалды
- Тоқаев Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің 20 жылдығымен құттықтады
- Израильдің әскери кабинеті Хамаспен бітім келісімін мақұлдады
- Рубль экономикамызды жалмауын тыймағанша, теңгенің құнсыздануы жалғаса береді – мәжілісмен
- Алматыда ақпан айынан бастап су бағасы тағы қымбаттайды
- Еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді
- Бәйменов: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқасында ұлттық ойынның танымалдылығы арта түсті
- Қошмамбет соты: Сотталған полицейлердің туыстары адвокаттарды айыптап отыр
- Қошмамбет соты: Жәбірленушілердің адвокаты шыққан үкім жеңіл екенін айтты
- Қаңтар кезінде 44 азаматты азаптаған полицейлер сотталды
- Атып тастау да керек: полковник Қаңтарда азаптаған полицейлер туралы сөз қозғады
- БҚО көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр
- Алматыда мәйіттерді зорлаған ер адам сот шешімімен босатылды
- Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: айыпталушы кінәсін мойындамады
- Қаңтардағы азаптау ісі: Сот ғимараты алдында полицейлер жиналды
- Әскери дәрігер қызмет бабын пайдалынып 41 науқасты зорлаған
- Сот Оңтүстік Корея президентін қамауда ұстау мерзімін ұзартты