Шетелдік жүргізушілер енді жазадан құтыла алмайды
Фото: www.lada.kz
Қазақстанда шетелдік көлік иелеріне айыппұл төлеу міндеттелді. Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзып, жауапкершіліктен жалтарып келген шетелдік жүргізушілер енді жазадан құтыла алмайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жетісу облысында жергілікті прокуратураның бастамасымен шетелдік нөмірлі көлік иелерін айыппұл төлеуге міндеттейтін жаңа тетік іске қосылды.
Бұған дейін мұндай құқық бұзушыларды жауапқа тарту қиын болатын. Шетелдік нөмірлі көліктің нақты иесін анықтау және оған хабарлама табыстау іс жүзінде мүмкін емес еді. Соның салдарынан тәртіп бұзған жүргізушілер елден кедергісіз шығып кетіп, айыппұлдарды төлемей жүре беретін.
Жетісу облысын прокуратурасы басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жедел дерек алмасу жүйесін жолға қойды.
Енді жаңа механизм былай жұмыс істейді:
- Тіркеу: Бейнебақылау камералары шетелдік көлік жасаған ЖҚЕ бұзушылығын тіркейді.
- Сәйкестендіру: Дерекқорлар арқылы көліктің нақты иесі анықталып, айыппұл туралы нұсқама рәсімделеді.
- Шекарадағы бақылау: Құқық бұзушы Қазақстан шекарасын қайта кесіп өтпек болғанда, бақылау-өткізу бекетінде оған айыппұл туралы хабарлама тікелей табысталады.
Егер жүргізуші сол жерде төлеуден бас тартса, полиция мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін бастайды.
Алғашқы нәтижелер де көп күттірген жоқ. 400-ден астам шетелдік көлік иесі жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Оларға 28 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
33 құқық бұзушыдан 1 млн теңгеден астам қаражат бюджетке өндірілді.
Қазіргі таңда ведомстволар түрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді толық біріктіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл процесті толық автоматтандырып, құқық бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа тетік жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып, еліміздегі жол қауіпсіздігін күшейтуге ықпал етеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық