Хасанмен суретке түскен подполковникті жұрт сынға алды
Фото: Egov.press
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері деп болжанған адам мен Талғардағы қылмыстық топ жетекшісі деп айдар тағылған Хасанның бірге түскен суреті талқыланып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл суреттерді желі қолданушылары ерекше талқылап, құқық қорғау органдарының этикалық нормаларын сынады.
Алматы облысының әкімдігі де жағдайға қатысты пікір білдірді. Подполковник Еркебұлан Қасенұлы «Хасанмен» аңшылықта кездейсоқ жолыққанын айтты. Ал әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, суреттегі құқық қорғаушы зейнетке шыққан.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі суреттегі адамның қазір полиция қызметкері емес екенін растады.
«Ол биыл 21 мамырда тәртіптік негізде ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар, облыстық департаменттің қауіпсіздік басқармасы және кадрлық қызметі қызметкерлердің имиджіне зиян келтіретін байланыстарды анықтау және болдырмау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді» деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Orda.kz Шерзаттың үйі қасақана өртенген түні болған бар оқиғаны жазған болатын.
Ал ІІМ мәлімдемесінде «хуторлықтар» жайлы сөзді жоққа шығарып, елімізде ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін айтты.
Ішкі істер министрлігінің тергеу ісіне қатысты өткізген баспасөз мәслихатын мына жерден оқыңыз.
Бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкетті.
Қазір ел арасында резонанс болғаннан кейін, Қаржаубай Нұрымов қандай сөз айтса да, өз сөзіне «митингіге шықпау» жайлы қосып айтады. Соңғы бейнежазбасында ол басқа мемлекетке кететінін айтты.
Әлеуметтік желілерде #шерзатүшін хэштегімен суреттер таралып жатыр. Қазірдің өзінде бұл суретті 730 мың адам салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық