Халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды

cover

Қазақстандық әнші және композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлім етті.

— Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын, - деп жазды  Дәуешов.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқанынан дүйім қазақ хабардар болған. Одан кейін ардақты ағамыздың ауыр халде жатқаны белгілі болды.

Бар қазақты әнімен тербеген біртуар талант иесі, өзіне тән лирикалық баритон дауысымен қазақтың баласынан анасына дейін тербеген қазақтың маңдайын біткен бірегей тұлға  81 жасында бақилық болды.

Ескендір Хасанғалиев —- белгілі қазақ композиторы, әнші. Қазіргі қазақ әнінің негізін қалаушылардың бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының Батбаккөл ауылында дүниеге келген.

Қазақтың халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін орындап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі болған. Оның  «Анаға сәлем» атты алғашқы авторлық әнін 1961 жылы жазылған.

Хасанғалиев  танымал  «Әдемі-ау» әнін жары Дарикоға арнап талай рет шырқады. 1978 жылы ұлы  Біржанның туған күніне арнап  «Келші-келші, боташым» әнін жазды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар