Хабиб Нурмагомедов Ақтауда: полицейді итерген кәсіпкер қамауға алынды
Фото: скриншот
Әлеуметтік желіде Хабиб Нурмагомедовтың Ақтауда жанкүйерлерімен кездесуі кезінде ақ көйлек киген ер адам полиция формасын киген адамды итергені түсіп қалған видео қызу талқыланып жатыр. Ең қызығы, мұндай әрекетке облысқа белгілі кәсіпкер Арман Тоғаев жол берген.
Тоғаев Маңғыстау облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Амангелді Халмұрадовты итеріп жіберген. Тоғаев қамауға алынды.
«Бейнежазбадағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жолданды. Әкімшілік соттың қаулысымен 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылданып, Ақтау қаласының арнайы қабылдау бөліміне қамауға алынды» деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 16 шілдеде Ақтауда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп, оған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов шақырылды. Турнирді ұйымдастырушылардың бірі – Арман Тоғаев.
Жаңалықтар
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ