Германиядағы кинофестивальді қазақстандық фильм ашады
Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Орталық және Шығыс Еуропадағы 21-шы GoEast кинофестивалін ашады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Іс-шара 2021 жылдың 20-26 сәуірі аралығында онлайн режиміде Германияның Висбаден қаласында өтеді.
«Сары мысықтың» басты кейіпкері - өзінің бұрынғы қылмыстық өмірін мәңгілікке қалдырып, тауда кинотеатр салуды армандайтын Кермек есімді жігіт.
Сондай-ақ, фестиваль аясында Әділхан Ержановтың тағы екі фильмі - «Бақытжамал» қысқаметражды фильмі мен байқау бағдарламасында ұсынылған «Ұлболсын» фильмі көрсетіледі. Биылғы жылы фестивальге барлығы 92 фильм қатысуда.
GoEast кинофестивалін 2001 жылы Неміс кино институтының директоры Клаудия Диллман құрды. Фестивальдің негізгі міндеттері - Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мәдени дамуы туралы білім деңгейін арттыру, сонымен қатар әртүрлі кинематографиялық мектептер арасындағы диалогты тереңдетуге үлес қосу. 2017 жылдан бастап фестивальді Хелен Герритсен басқарады.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек