Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
Фото: snob.ru
Әлемдік футболда ірі жанжал туындауы мүмкін. Бұған ФИФА басшылығының әлем чемпионаты құқықтарын жеке инвесторларға сату жоспары себеп болып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Sports.ru басылымның мәліметінше, Джанни Инфантино әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін жеке компания құрып, оның акцияларын Дональд Трамптың жақын ортасының қолдауымен сату жолдарын қарастыруда.
The Times газетінің жазуынша, ФИФА жоспары — негізгі активтерді басқару үшін компания құру. Оған ерлер арасындағы әлем чемпионаты, әйелдер чемпионаты және клубтық әлем чемпионаты кіреді. Жоба бойынша Трамп әкімшілігіне жақын адамдармен кеңес жүргізілгені айтылған.
Бұл ақпаратты ФИФА ресми түрде растады.
«Инвестициялық топты Thrive Capital компаниясы басқаруы мүмкін. Оны Джошуа Кушнер құрған, ол Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің інісі» деп жазылған жарияланымда.
Жоспар бойынша ФИФА-ның 211 ұлттық қауымдастығының әрқайсысы шамамен 20 млн доллар көлеміндегі үлеске ие болады. Қауымдастықтар бұл үлесті сақтап қалуға немесе бірден қосымша табыс алу үшін сатуға мүмкіндік алады.
The Times дереккөздерінің айтуынша, Инфантино президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа компанияның комиссары қызметіне тағайындалуы мүмкін. Оны 2031 жылға дейін баламасыз түрде ФИФА президенті етіп қайта сайлау ықтимал, ал одан кейін жаңа қызметке ауысуы мүмкін.
Алайда УЕФА бұл бастамаға қатаң қарсы шықты.
«Бұл — футболды басқарушы органдар ешқашан аттамауы тиіс шектен асып кету. УЕФА бұған аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Барлық ұлттық қауымдастықтар да солай істеуі керек. Лигалар, клубтар, ойыншылар, жанкүйерлер, үкіметтер — футболдың болашағына бейжай қарамайтындардың бәрі бұған назар аударуы тиіс.
Футболдың жаны мен басқару жүйесі — сатылатын актив емес, әсіресе кім қаржылай пайда көретіні белгісіз жағдайда. Ешқайсымыз футболдың иесі емеспіз. ФИФА-ның оны сатуға құқығы жоқ», деп мәлімдеді ұйым.
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Энди Бернем де бұл мәселеге пікір білдірді.
«Футбол инвесторларға тиесілі емес. Ол трибуналарды толтыратын, кез келген ауа райында өз командаларын қолдайтын адамдарға тиесілі. Әлем чемпионаты — тауар емес.
Бұл — әлемдік спорттағы ең ірі жарыс, және ол ешқашан сатылатын деңгейде ешкімге тиесілі болған емес. Бұл келісімді қалай атасаңыз да, оның бір бөлігін сату — бәрін сатумен тең. Футбол жанкүйерлерге тиесілі. Әрқашан солай болған және солай болып қала береді», — деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп жеке өзі FIFA-ға жүгініп, АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға берілген бір матчтық дисквалификацияны алып тастауды сұраған болатын. Сөйтіп Трамптың өтінішімен FIFA тарихында алғаш рет дисквалификация жойылды.
FIFA бұл шешімді тәртіптік кодекстің 27-бабымен түсіндірді. Бұл бап кейбір жағдайларда жазаны уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық