Трамп өтініш жасады: FIFA тарихында алғаш рет дисквалификация жойылды
Фото: sport-express.net
БАҚ мәліметінше, Дональд Трамп жеке өзі FIFA-ға жүгініп, АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға берілген бір матчтық дисквалификацияны алып тастауды сұраған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы The Guardian дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Басылымның мәліметінше, Трамп Балогун Босния және Герцеговина құрамасына қарсы матчта алаңнан қуылғаннан кейін FIFA басшылығымен үш рет байланысқа шыққан. 5 шілде күні ұйым дисквалификацияны уақытша тоқтататынын мәлімдеп, футболшыға әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгияға қарсы ойында алаңға шығуға рұқсат берді.
FIFA бұл шешімді тәртіптік кодекстің 27-бабымен түсіндірді. Бұл бап кейбір жағдайларда жазаны уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызыл қағаз футболшының тәртіптік тарихында сақталады: егер бір жыл ішінде осындай ереже бұзушылық қайталанса, ол дисквалификацияны өтеуге міндетті болады.
Дональд Трамп бұл шешімді қолдап, FIFA «үлкен әділетсіздікті түзетті» деп мәлімдеді. Ал Бельгияның корольдік футбол қауымдастығы бұл шешімді сынға алып, оны ережелерге қайшы деп атады және алдағы әрекеттерді қарастырып жатқанын жеткізді. Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия бұл жағдайды бірінші сәуірдегі әзілмен салыстырды.
АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино FIFA шешімін қолдап, Балогунның алаңнан қуылуы бастапқыда тым қатаң болғанын айтты.
Бұған дейін Бразилия – Норвегия матчында Эрлинг Холанд сенсация жасап, қарсыласын әлем чемпионатынан шығарып тастаған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық