Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті
Фото: Pexels
Филиппиннің оңтүстігінде болған магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны кемінде 12 адамға жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, табиғи апаттан 200-ден астам адам жарақат алған. Зардап шеккендердің басым бөлігі бүлінген ғимараттардың ішінде болған. Сондай-ақ жағалаудағы аудандарда биіктігі бір метрге жететін цунами тіркелген. Филиппиннің Вулканология және сейсмология институты (PHIVOLCS) жер сілкінісінен кейін 138 афтершок болғанын хабарлады.
Бұған дейін Филиппиннің Азаматтық қорғаныс басқармасы қаза тапқандар саны сегіз адамға жеткенін мәлімдеген еді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін Генерал-Сантос әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Минданао аралында бірнеше мектеп ғимараты қирап, сабақтар тоқтатылды. Аймақта цунами қаупі туралы ескерту жарияланған. Филиппин ұлттық полициясының деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің алғашқы сағаттарында үш адамның қаза тапқаны және төрт адамның жараланғаны хабарланған болатын.
Минданао аралының солтүстік және орталық бөліктерінде мектептерді, ауруханаларды және тұрғын үйлерді қоса алғанда жалпы саны 37 ғимарат зақымданған.
«Зардап шеккен аудандарда тұрғындарға көмек көрсету үшін полиция жұмылдырылды. Келтірілген шығын көлемін бағалау жалғасып жатыр» деп жазылған хабарламада.
Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші Минданао аралының бірқатар ауданында білім беру ұйымдары жұмысын уақытша тоқтатуды тапсырды.
Жер сілкінісі алғашында магнитудасы 8,1 балл деп бағаланған. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі халқы шамамен 697 мың адам болатын Генерал-Сантос қаласынан солтүстікке қарай 51 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Филиппиннің Азаматтық авиация басқармасы (CAAP) цунами қаупіне байланысты Генерал-Сантос қаласындағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
Президент Фердинанд Маркос мемлекеттік органдарға табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарын үйлестіруді, гуманитарлық көмек көрсетуді және эвакуациялық орталықтардың жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жер сілкінісінен кейін Жапонияның бірқатар жағалау аймақтарында да цунами қаупі жарияланды. Биіктігі бір метрге дейін жетуі мүмкін толқындар туралы ескертуден кейін ондаған мың тұрғынға эвакуациялану ұсынылды.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі Окинава префектурасы аралдарына, сондай-ақ Кюсю мен Сикоку аралдарына және Хонсю аралының Тынық мұхит жағалауына дейін, Ибараки префектурасына дейінгі аумақтарға цунами туралы ескерту жариялады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық