Әбу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға алғашқы қадам жасалды
Әбу-Дабиде өткен кездесу жаңа серпін алып, АҚШ, Украина және Ресей соғысты тоқтатуға бағытталған негізгі қадамдар бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әбу-Дабиде өткен үшжақты келіссөздер барысында АҚШ, Украина және Ресей атысты тоқтату режимін сақтау және әскери белсенділікті бақылау мәселелерін талқылады.
Readout of Trilateral Peace Talks Hosted by the United Arab Emirates
— Special Envoy Steve Witkoff (@SEPeaceMissions) February 5, 2026
Over February 4 and 5, delegations from the United States, Ukraine, and the Russian Federation met for the second trilateral meeting in Abu Dhabi to advance efforts to end the war in Ukraine. The discussions…
«4 және 5 ақпанда АҚШ, Украина және Ресей Федерациясы делегациялары Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі күш-жігерді біріктіру үшін Әбу-Дабиде өткен екінші үшжақты кездесуге жиналды. Талқылау сындарлы сипатта өтіп, берік бейбітшілік үшін жағдай жасауға бағытталды» деп жазды өзінің Х парақшасында Стив Уиткофф.
АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы елшісі делегация Ресей Федерациясы мен Украина 157 әскери тұтқынды босатады деген уағдаластыққа қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл соңғы бес айдағы алғашқы алмасу.
Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей АҚШ-тың Еуропалық бағыттағы қолбасшысы генерал Алексус Гринкевич бастаған әскерилермен сөйлесуге келіскен. Осы екі күнде делегация атыс -шабуылдарды тоқтатуды бақылау әдістерін қоса алғанда қалған ашық мәселелер бойынша кең пікірталас жүргізген.
Делегация алдағы аптада үшжақты талқылауды жалғастыруға келісті. Олар Біріккен Араб Әмірліктеріне келіссөз алаңын ұсынғаны үшін ризашылық білдірді.
Әбу-Дабидегі келіссөздер соңғы күндері күшейген дипломатиялық байланыстар аясында өтуде. Бұған дейін Мәскеуде Владимир Путин АҚШ-тың арнайы өкілдері — Стив Уиткофф, Джаред Кушнер және Джош Грюнбауммен шамамен төрт сағатқа созылған кездесу өткізген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Украина мен Ресей тұтқындарды ауқымды алмастыру туралы келісті
- Камерасыз әрі даулы мәлімдемесіз: Әбу-Дабидегі Украина бойынша келіссөздер ың-шыңсыз аяқталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық