Еуроодақ су тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға 200 мың еуро бөледі
Фото: Elements.envato.com
Еуропалық Одақ Қазақстандағы алапат су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетеді. Ол Қызыл Жарты ай қоғамы арқылы беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.
ЕО делегациясының баспасөз қызметі қолдау көлемі 200 мың еуро болатынын атап өтті. Қаржыландыру тікелей емес, табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтарды тұрмыстық және гигиеналық заттармен, сондай-ақ ақшалай қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамының қолдауы арқылы жүзеге асырылатын болады.
«Алдағы үш айда көрсетілетін гуманитарлық көмек су тасқынынан ауыр зардап шеккен бес мың адамға тікелей көмек көрсетеді. Әйелдер басқаратын үй шаруашылықтарына, мүмкіндігі шектеулі немесе қарт адамдарға, сондай-ақ үштен көп баласы бар отбасыларға көмек көрсетуге ерекше назар аударылады» делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін «Қазақстан халқына» қорына 2,5 миллиард теңгеден астам қаржы аударғаны белгілі болды. Бұл ақшаға қоса қордың өз қаражатына су тасқынынан қираған үйлердің орнына 500-ге жуық жаңа үй салынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық