Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
Фото: ҚМА
Ресейдегі жанармай нарығындағы дүрбелеңге байланысты Қазақстанның Энергетика министрлігі елде жанар-жағармай тапшылығы туындауына қатысты қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрліктің мәліметінше, ішкі нарықта жазғы және туристік маусымда тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде мұнай өнімдерінің қоры қалыптастырылған.
«Жалпы резерв көлемі 1,1 миллион тоннадан асады. Оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин, сондай-ақ дизель отыны бар. Бұл қорлар тұрақты түрде мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі өндірісі есебінен толықтырылып отырады», деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ министрлік 21 қарашаға дейін автокөлік және теміржол көлігі арқылы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға уақытша шектеу енгізілгенін еске салды.
«Бұдан бөлек, көлік құралдарына мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу қойылған. 20 маусымнан бастап өткізу бекеттерінде бақылау күшейтілді. Бұл жұмысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті және Қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшелері тартылған», деп хабарлады министрлік.
Ел ішіндегі жағдайды облыс әкімдіктері, Мемлекеттік кірістер департаменттері, Қаржылық мониторинг агенттігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаменттері де бақылауда ұстап отыр.
«Қазіргі уақытта олар күшейтілген нысаналы тексерулер жүргізуде. Мамандар жанармай құю бекеттеріндегі отын қорының жеткіліктілігін бақылап, жанар-жағармайды заңсыз әкету фактілерінің жолын кесуде және сатушылардың негізсіз әрекеттеріне жедел ден қоюда», деп түсіндірді Энергетика министрлігі.
Министрлік өкілдері Қазақстанда автокөлік отынының бөлшек сауда бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтінін, оның тек нарықтық қағидаттар негізінде қалыптасатынын да еске салды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық