Энергетика министрлігі екі өңірде автогаз тапшылығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
Фото: freepik.com
Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында сұйытылған мұнай газын жеткізуде іркілістер бар деген хабарламаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Оrda.kz.
Бұған дейін аталған өңірлердегі жанармай құю станцияларында автогазға қатысты жағдайдың күрделі екені туралы ақпарат тараған еді. Жүргізушілер ұзын-сонар кезектерге шағымданған.
Министрліктің мәлімдеуінше, екі өңірге де автогаз жеткізу тұрақты режимде және есептелген айлық қажеттіліктен артық көлемде жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, маусым айында Маңғыстау облысының қажеттілігі 18 мың тонна деп белгіленсе, іс жүзінде өңірге 19,5 мың тонна сұйытылған газ бөлінген. Маусымдық сұраныстың артуын жабу үшін қосымша 1,5 мың тонна «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ресурстарынан жеткізілген.
Ал Атырау облысында есептік қажеттілік 9 мың тонна. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Энергетика министрлігі жеткізу сызбасын алдын ала өзгертіп, өңірге резервтік көлемдер бағыттаған. Нәтижесінде маусым айында облысқа 11,6 мың тоннадан астам газ жеткізіліп, бұл қажетті көлемнен 2,5 мың тоннаға артық.
Министрлік бұл қорлар жергілікті автокөліктерді де, транзиттік көліктерді де қамтамасыз етуге толық жеткілікті екенін атап өтті. Сондай-ақ жанармайды жөнелту күн сайын жүргізілуде.
Сонымен қатар ведомство жергілікті іркілістер Қарашығанақ кен орнындағы өндірістің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін деген ақпаратты да жоққа шығарды. Министрлік мәліметінше, кен орнындағы жоспарлы жұмыстар ішкі нарықты қамтамасыз етуге әсер етпейді, ал жеткізілім жағдайы министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық