«Елдегі атышулы қылмыстық іс»: Мұратхан Тоқмәди түрмеден шықпайтын болды
Коллаж Orda.kz
Бүгін елдегі атышулы қылмыстық ісі үшін түрмеде отырған Мұратхан Тоқмәдидің мәселесіне нүкте қойылды. Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәди марқұмның туыстары наразы болған соң, оны түрмеден шартты түрде босату жайлы шешім қайта қаралған болатын. Облыстық сот тараптарды тыңдап, іс жайлы шешім шығаруды 12 қыркүйекке ауыстырған еді. Бүгін сот оны босату жайлы шешімді құп көрмей, оған жазаны өтеуді жалғастыруды міндеттеді.
Сотқа Orda.kz тілшісі қатысты.
Бүгінгі атышулы іске қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов сөз сөйледі. Одан кейін марқұм Ержан Тәтішевтің ұлы сөз сөйлеп, әкесіз қалғанын, сол қайғымен әлі күнге күресіп келе жатқанын айтып, оны шартты түрде болса да бостандыққа шығармауды өтінді.
«Бірінші сот отырысында ол туыстарымен жолыға алмағанын айтты. Ал менің отбасым ше? Ол бірде бір рет өз кінәсін шын мойындамады. Сондықтан оны босатпауыңызды сұраймын», — деді Ержан Тәтішевтің ұлы.
Содан кейін Мұратхан Тоқмәдидің адвокаттары сөз сөйлеп, Қонаев қалалық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Сот Мұратхан Тоқмәдиге сөз берді. Мұратхан Тоқмәди 2018 жылы өзіне айып талғылғанын, 5 жылдай түрмеде отырғанда ешбір туысымен жүздесе алмай, хабарсыз қалғанын баяндады. Өзінің түрме тәртібін сақтағанын, өтемақылардың бәрін төлегенін айтып, босатуды сұрады. Сондай-ақ ол өзінің 5 баласы, 4 немересі бар екенін ескеруді өтінді.
«Нельсон Манделаны бұлай жазаламаған шығар. Ол өзіне берілген 27 жылдың 25 жылын абақтыда өтеп шықты. Мен өзімді онымен салыстырмаймын. Бірақ оның қоғаммен байланысы шектелмеді. Бұл сотқа БАҚ өкілдері қатысып отыр. Сотталған адамның құқығы жайлы олар айтса деймін. Мен жақындарыммен хабарласа алмадым», — деді ол.
Сот ақылдасуға шығып қайта оралған соң, шартты түрде босату жайлы шешімді құптамайтынын айтып, жазасын өтей беруі керек деген шешімін мәлімдеді. Бірінші сатыдағы соттың шартты түрде босату жайлы шешімі дұрыс болмағанын айтты. Сот айыптының өз кінәсін мойындамағанын және өкінбегенін айтты.
«Айыпты расымен өкініп, кінәсін мойындамады. Сондықтан ол қылмысын өтеуді жалғастырсын», — деді сот.
Сондай-ақ, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оның қамауда болу мерзімі дұрыс есептелмегенін, ол 2017 жылдың 12 маусымынан емес, 2018 жылдың 9 маусымынан бастап есептелуі керек екенін анықтады.
Еске сала кетсек, 2018 жылы сот оны банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. 2022 жылы Тоқмәди өзінің ҰҚК тарапынан зәбір көргенін, амалсыз мойындауға тура келгенін айтқан болатын.
Тоқмәди жазасының үштен екі бөлігін өтеген соң, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беру құқығына ие болған еді. Осы құқықты пайдалана отырып, оның қорғаушылары өтініш берген. 26 шілдеде Қонаев соты оның шартты түрде босатылуға құқығы бар деп шешті. Бүгін Алматы облыстық соты Қонаев қалалық сотының шешімін жойды.
Orda.kz облыстық сот отырысында тараптардың не айтқаны жайлы жазған болатын. Ол сотта да Мұратхан Тоқмәди прокурордың «рас өкінесіз бе?» деген сұрағына нақты жауап бермеген болатын. Сотта ол мойындамайтынын тура айтпай:
«Ержан Тәтішевпен араластық және оның солай қаза болғаны өкінемін», — деді.
Еске сала кетсек, 23 тамызда ФБР-дің бұрынғы басшысы, 2017 жылы осы іс бойынша тергеу жүргізген Луи Фри Алматы қаласына келіп, марқұмның інісі Еркін Тәтішевпен бірге баспасөз жиынын өткізген болатын.
Жаңалықтар
- Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
- Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Дәрілерді бақылаусыз қолдану ұлттық қауіпсіздікке қатер: Антибиотик сату қатаңдайды
- Қызылорда облысындағы жұмбақ өлім: Құдықтан табылған 20 жастағы жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті болып шықты
- Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
- Мажарстанда жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы қысқарды
- Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті