«БАҚ-пен соттасу»: Мұратхан Тоқмәди абақтыдан шықпайтын болды
Фото: facebook / Мұратхан Тоқмәди
2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмәди жақында шыққан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне қарамастан, Зареченск жалпы режимдегі колониясында қалатын болды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Orda.kz 2024 жылғы 26 шілдеде Қонаев қаласының судьясы Мақсат Әмірқұлов Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдағанын жазған болатын. Алайда оның бостандыққа шығуы Тәтішевтер отбасының жеке шағымына байланысты кейінге қалдырылды.
Қазіргі уақытта іс Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасында қайта қаралып жатыр. Бұл Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босатылуға үшінші рет жасаған әрекеті. Бұған дейінгі әрекеттерінде оған тергеу изоляторында болған уақыты есептеліп, жазасының мерзімі қысқартылған еді. Нәтижесінде тоғыз жарым жылдық жазаның жеті жылын өтеді.
Тоқмәдидің адвокаттары мен туыстары оның бостандыққа шығуға лайық екенін бұрыннан айтып, оның колониядағы тәртібі мен мәдени іс-шараларға қатысатынына мән беред. Олар әділдік салтанат құратынына сенімді әрі абыройын қалпына келтіру үшін күресуге бел буып отыр.
Сонымен қатар, Тоқмәдидің отбасы бірқатар БАҚ-қа қарсы талап-арыз берді. Кейбір БАҚ өкілдері Мұратханды қылмыстық әлемнің серкесі және ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп атап жіберген. Туыстары моральдық шығын үшін миллиондаған теңге талап етіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық