«Алматыға ФБР келді»: Тоқмәди ісі және Мұхтар Әбіләзов жайлы жаңа мәліметтер

«Тұран Әлем Банкінің» топ-менеджері Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 6 жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатыны жайлы шешім шыққан болатын. Алайда марқұмның туыстары наразы болған соң, бұл шешім қайта қаралатын болды. Бүгін кешке шешім шығады.
Ал 23 тамызда сағат 10:00-де марқұмның ағасы кәсіпкер Еркін Тәтішев пен АҚШ-тың бұрынғы ФБР басшысы, Freeh Sporkin & Sullivan LLP негізін қалаушы Луи Фри «Ержан Тәтішев ісіндегі әділдік» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.
Orda.kz тілшісі сол баспасөз конференциясына қатысты.

20 жыл бұрын «Тұран Әлем Банкінің» негізін қалаушы Ержан Тәтішев қаза тапқан болатын. Бұл істі тергеу тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ және ең күрделі істердің бірі болды.
Луи Фри 2017 жылы қазақстандық банкирдің өліміне қатысты тергеуді басқарды. Мұратхан Тоқмәди шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін болған соң, бүгін Алматыға келіп, Мұратхан Тоқмәдидің сотталғаны туралы өз тергеуінің қорытындыларын қайта жариялады.
Еске сала кетсек, Orda.kz 2024 жылғы 26 шілдеде Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдағанын жазған болатын. 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындаған. Сондай-ақ, ол шетелде жасырынып жүрген банкир Мұхтар Әбіләзовтың бұйрығымен әрекет еткенін және ол 4 миллион доллар уәде еткенін айтқан. 2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылдың қарашасында Мұратхан Тоқмәдидің әйелі оның азаптау ісі бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын мәлімдеді.
«Мені Назарбаев шақырды»
Бүгінгі баспасөз жиынында Луи Фри Мұратхан Тоқмәди ісі ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі екенін және оны дәл сондай бірлескен мықты құзырлы органдардың тобы зерттеуі қажет болғанын айтты.
«Маған қылмысты ашып көрсету маңызды болды. Мен ФБР өкілдігін аштым. Біз өте күрделі қылмыстарды зерттеп, жұмыс істедік. Кейін президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада АҚШ елшілігінің ішінен мені ФБР кеңсесін ашсын деп шақырды. Елшілік құрылғаннан кейін әр тараптармен жұмыс істеген офицер тағайындалды. Мен мұны неге баса айтып отырмын? Себебі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрқашан трансұлттық байланыстары болады. Олар әртүрлі заңнамалармен жұмыс істейді. Еуропада да істейді. Мысалы, мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар Еуропада есірткі тасу жүйесін қадағалайды. Олардың бар қылмысы қаржыға байланысты болады. Содан да олар өте мықты. Сол үшін олардың қылмысын олармен тең дәрежеде иық тірестіре алатын құзырлы органдардың бірлескен мықты тобы тергеу ісін жүргізуі керек», — деді Луи Фри.
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Сондай-ақ, марқұмның інісі бүгін кешке қабылданатын шешім әділ болмаса, күресін жалғастыра беретінін айтты. Ол өз сөзінде әділдік түптің түбінде бәрібір салтанат құратынын айтты. Сондай-ақ ағасының өлімі басқа да, қылмыстар, мысалы Заманбек Нұрқаділовтің өлімі сияқты үлкен қылмыстардың бастауы екенін айта кетті.
Оның сөзінше бұл ұйымдасқан қылмысқа Мұхтар Әбіләзов тікелей қатысты. Еркін Тәтішев бұрын берген сұхбаттарында Мұхтар Жәкішов осы іске қатысты деп кесіп айтатын. «Осы жолы ол кісіні неге атамадыңыз?» деген сұраққа: «қазір нақты фактілерге қарап сөйлеп отырмыз» деп жауап берді.
Тергеу ісі
АҚШ-тың Freeh Sporkin & Sullivan LLP (FSS) заңгерлік фирмасы мен оның тергеу бөлімшесі Freeh Group International Solutions (FGIS) жүргізген соңғы тергеу Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жаңа мәліметтеріне зер салсақ.
2004 жылдың желтоқсанында банк «ТұранАлем» (БТА Банк) басқарма төрағасы болған Тәтішевтің өлтірілуі туралы тергеу нәтижелері бойынша, бұл қастандықты ұйымдастырушы Қазақстанның экс-олигархы Мұхтар Әбіләзов танылып отыр. Луи Фри осы жайлы баяндады.
Не болды?
2004 жылдың желтоқсанында Ержан Тәтішев Кордай ауданында аң аулау кезінде шүйдесіне оқ тиіп қаза тапты. Оқиға кезінде ол көлікте болған. Қасында Тәтішевтің оққағары Сергей Козликин мен бизнесмен Мұратхан Тоқмәди отырды. Тоқмәди артқы орында отырған. Алғашқы тергеу істері Тәтішевтің өлімін кездейсоқ мылтық атылып кеткенде болды дейді. Бүгінгі жиында мылтық 5 см жерден атылған деді.
«Алайда, 2018 жылы Мұратхан Тоқмади өзінің Тәтішевті өлтіргенін мойындап, оны Мұхтар Әбіләзовтың 4 миллион доллар төлеуге уәде бергені үшін жасағанын айтты. Әбіләзовтің мақсаты БТА Банктің басқаруын қайтадан өз қолына алу болған», — деді Луи Фри.
Луи Фри FSS және FGIS қызметкерлері, америкалық тергеушілер мен сот-медициналық сарапшылардың көмегімен тергеу жүргізгенін айтып, олардың мәлімдемелеріне тоқтала кетті. Онда Тәтішевтің өліміне себеп болған оқ артқы жолаушы орындығынан атылғаны айтылыпты. Сарапшылар оқтың жарақат сипаты мен траекториясы, сондай-ақ басқа дәлелдер қасқана қылмыс болғанын растады.
«Мылтық өздігінен атылып кетпеді»
Тергеушілер оқ атылған мылтықтың жағдайына ерекше назар аударды. Іс материалдары бойынша, мылтық дұрыс болған.
«Оның кездейсоқ атылу мүмкін емес. Алайда, 2017 жылы анықталған мылтықтың механизміндегі өзгерістер, оның басқа затқа соққан кезде кездейсоқ атылуын мүмкін ететін өзгерістер енгізілгенін көрсетті. Осылайша, мылтықтың механизмін ұстап тұратын штифттердің өңделгені анықталды», — деді Луи Фри.
Тоқмади мылтықтың бірнеше рет сынақтан өтуін талап етті. Луи Фри оның сол кезде мылтықтың дұрыс болмағанын дәлелдеу үшін пара бергені белгілі болғанын айтты. ФБР экс-директоры 2005 жылы ол іс бойынша тергеушіге 20 000 АҚШ доллар көлемінде пара бергенін мойындады деп мәлімдеді.
Алматыға келген АҚШ-тың бұрынғы ФБР басшысы, Freeh Sporkin & Sullivan LLP негізін қалаушы Луи Фри мәлімдемесінде қасақана жасаған адам өлтіру ісіне әділдікпен қарау керегін айтып, Ержан Тәтішевтің өлімін Мұхтар Әбілзовтың ұйымдастырған қастандығы екенін растады.
Бүгін кешке Мұратхан Тоқмәди жайлы шешім шығады. Orda.kz осы істі назарға алып, хабар беріп отырады.
Жаңалықтар
- Олигарх Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
- Ақтөбеде тоқ соққан оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
- Қазақтар шоғырланған Гүлістанға әуе соққысы жасалды: Ирандағы қандастар көмек сұрады
- «Биологиялық мүшеқап»: АҚШ-та ВИЧ-ке қарсы вакцина әзірленді
- Лиза Пылаеваның ісі бойынша нүкте қойылды
- «Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс
- Желіде Атыраудағы қамысты қасақана өртегендердің бейнежазбасы тарап кетті
- Теміртаудың тумасын Ресейде мемлекетке сатқындық үшін 22 жылға соттады
- Қайрат Боранбаевтың ағасы екі жыл іздеуден кейін ұсталды
- Мұғалімді балағаттап НЗМ-нен қуылған оқушы аттестат алды
- Шерзаттың ісі: Айтбек Амангелдінің адвокаттары қомақты қаржы алғаны рас па?
- Қазақстан мен Ресей АЭС салу бойынша жол картасына қол қойды
- «Сұлтан Сүлеймен» сериалындағы атақты Рүстем паша сотталды
- «Екі аяғын кесті»: Әйелін қасақана көлікпен қаққан павлодарлық тұрғын 8 жылға сотталды
- Астанада балаларының көзінше әйелін пышақтаған ер адам терезеден секіріп кетті
- Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады
- Темірлан Еңсебек терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тұлғалардың тізіміне енді
- Сот жылдар бойы қудаланған желтоқсаншыны қуғын-сүргін құрбаны деп таныды
- Маңғыстау жеріне ұшқышсыз ұшатын дрон құлады
- Ғаламторға 16 миллиард логин және құпиясөз тарады