«Әбіләзовтің бұйрығы»: Атышулы Мұратхан Тоқмәди сотында тараптар не айтты?
Коллаж Orda.kz
Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәди марқұмның туыстары наразы болған соң, оны түрмеден шартты түрде босату жайлы шешім қайта қаралған болатын. Бүгін облыстық сот тараптарды тыңдап, іс жайлы шешім шығаруды 12 қыркүйекке ауыстырды.
Orda.kz. тілшісі осы сотқа қатысып, тараптардың уәждерін тыңдап қайтты.
Бұған дейін, 26 шілдеде Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдаған болатын. Алайда марқұмның туыстары наразы болып, бұл шешімге қарсы шықты.
Оның бостандыққа шығуы Тәтішевтер отбасының жеке шағымына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босатылуға үшінші рет жасаған әрекеті еді. Бұған дейінгі әрекеттерінде оған тергеу абақтысында болған уақыты есептеліп, жазасының мерзімі қысқартылған еді. Нәтижесінде тоғыз жарым жылдық жазаның жеті жылын өтеді.
Бүгін осы тараптардан жәбірленуші тарап адвокаты Олег Чернов бастап сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ жайлы, Әбіләзов жайлы сөз қозғады. Бұрынғы экспертизаны алға тартты.
Ал Мұратхан Тоқмәдидің адвокаты Елена Жанатова мен Мұңайтпасов Мұратхан Тоқмәдидің негізгі жазаны өтеп, бар моральдық зақым айыппұлдарын төлеп, тәртібінің жақсы болғанын алға тартты. Ал адвокат Чернов келтірген экспертизалар бүгінгі шартты түрде босатуда алға тартатын дүние емес екенін айтты. Сондай-ақ, атышулы Мұратхан Тоқмәдидің өзіне сөз берілді.
Ол жәбірленуші тарапты «тырнақ астынан кір іздеп отыр» деп, адвокаттарының сөзін қостады.
Прокурор істеген қылмысына өкініші жайлы сұрағанда Мұратхан Тоқмәди:
«Маған сол кезде сондай айып тағылды. Ержан Тәтішевпен жақын болғанмын. Оның осындай жағдайға тап болғанына өкінемін. Сосын 5 баламның, әйелімнің, яғни отбасымның осынша жыл қастарында бола алмағаныма өкінемін», — деді.
Жәбірленуші тарап адвокаты Олег Чернов сұрақ қойды:
«Мұратхан Тоқмәдидің қылмысқа өкінетіні жайлы сөзі түсініксіз. Сондықтан қайта жауап беріңізші. Сіз нақты не үшін өкінесіз?», — деп сұрады.
Мұратхан Тоқмәди алғаш айтқан жауабын қайталап:
«Маған сот үкім шығарған, сол бойынша мен кінәлі деп танылдым. Соған өкінемін», — деп жауап қатты.
Еске сала кетсек, 23 тамызда ФБР-дің бұрынғы басшысы, 2017 жылы осы іс бойынша тергеу жүргізген Луи Фри Алматы қаласына келіп, марқұмның інісі Еркін Тәтішевпен бірге баспасөз жиынын өткізді. Онда ұйымдасқан қылмыстық топ деген айыптаулар айтылған болатын. Бүгін Мұратхан Тоқмәдидің адвокаттары осыған қатысты сөз сөйлеп құжаттамаларда ондай баппен сотталмағанын алға тартты.
Orda.kz сол жиынға қатысып, тергеу ісі жайлы мәліметтер жайлы жазған болатын.
Айта кетейік, ол кінәсін мойындамаған болатын. Айтуынша, тергеушілер мен ҰҚҚ оны азаптап мойындатқан. Ал прокуратура оның мерзімінен бұрын босатылуына көмектесуге уәде берді. Тоқмәди бірнеше рет мерзімінен бұрын босатылу үшін өтініш білдірген, бірақ осы уақытқа дейін ол қабылданбай келді. 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, ол шетелде жасырынып жүрген банкир Мұхтар Әбіләзовтың бұйрығымен әрекет еткенін және ол 4 миллион доллар уәде еткенін айтқан. 2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Ауыл тұрғындары қуана- қуана дауыс беріп жатыр
- Референдумға қатысуға кімдердің құқығы жоқ?
- Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру басталды, референдумға дайындыққа 70 мың адам қатысты
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді