Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді
Фото: sports.kz
Қазақстандық спортшылар олимпиадалық спорт түрлері бойынша ірі халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, өткен демалыс күндері түрлі деңгейдегі 19 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірқатар ұлттық құрамалар әлемдік және құрлықтық додаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ең табысты нәтиже бокстан ұлттық құраманың Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing әлем кубогының екінші кезеңіндегі өнер көрсетуі болды. Қазақстандық боксшылар сегіз медаль еншіледі – бес алтын және үш қола. Турнир жеңімпаздары атанғандар: Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева.
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанып, Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алғанын сүйіншілеп хабарладық. Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде алтын медаль иеленгенін жаздық.
WKF каратэден Азия чемпионатында, Бали аралында өткен жарыста ұлттық құрама жеті медаль иеленді – екі алтын, екі күміс және үш қола. Азия чемпиондары атанған Жоламан Биғабыл мен Олжас Алтынбек қазақстандық каратэ мектебінің жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы да ел қоржынына бір алтын медаль қосты. Қытайдың Шаосин қаласында өткен Азия чемпионатында 4×400 метрлік аралас эстафетада қазақстандық команда жеңіске жетті. Жеңімпаздар қатарында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс бар.
Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында қазақстандық семсерлесушілер тарихи нәтиже көрсетті. Ирина Бакалдина әйелдер арасындағы жекелей шпагадан құрлық чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Ал Руслан Курбанов ерлер арасындағы жекелей шпагадан қола жүлдегер атанды.
Нысана көздеуден де кезекті табыс тіркелді. Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ринат Казаченко 50 метр қашықтықта шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бойынша күміс медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның осы әлем біріншілігіндегі алғашқы жүлдесі.
Демалыс күндеріндегі бұл нәтижелер қазақстандық спортшылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін және елде олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың тиімділігін тағы да көрсетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық