Джей Лоның концертінен Алматы 10 млрд теңге пайда тапты
Фото: әншінің Instagram аккаунтынан
Алматы әкімдігінде Дженнифер Лопестің өткен концерті туралы есеп берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталық стадионда шараға 27 мың көрермен қатысты, оның жеті мыңы - әлемнің 35 елінен келген қонақтар.
«Экономикалық тиімділік туралы айтсақ - 10 млрд теңгеден астам айналым, 600 млн теңгеге жуық салық төленді, тек шетелдік туристер ғана Алматыда концерт кезінде бес млрд теңгеден астам қаржы қалдырды», деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Дженнифер Лопестің командасы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
«Турдың бас режиссері және техникалық директор Григорий Антропов Алматыдағы алаңның дайындығы барлық қарсы алушылардың арасында үздік болғанын атап өтті».
Бірақ Джэй Лоның Алматыдағы концертінен кейін әлеуметтік желілерде іс-шараға көмектескен волонтерлердің ондаған оқиғалары пайда болды. Балалардың айтуынша, оларды бірегей тәжірибемен және шоуды көру мүмкіндігімен қызықтырған, бірақ ақырында оларды су да бермей, ас-ауқатсыз сағаттап ұстап, стадионды жинауға мәжбүрлеген, ал концерттен кейін уәде етілген трансфер де болмады.
Алматыдағы Дженнифер Лопес концертінде жұмыс істеген еріктілер ұйымы жас еріктілердің мәлімдемелеріне жауап ретінде бірқатар дереккөздерде жарияланған ақпарат жалған екендігін мәлімдеді.
Сәуір айының басында үкіметтің өзі танымал әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 15 мыңға жуық турист келіп, мемлекеттік бюджетке 400 миллион теңге көлемінде салық түсетініне сенім білдерген болатын.
Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне қатысты 1 тамыз күні Қазақстан астанасында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Астанада билеттер үш сағат ішінде сатылып кеткен, тіпті сатылым сайты келушілердің көптігіне шыдамаған. Алматыда алғашқы алты сағатта барлық отыратын орындар сатылып кеткен.
Ticketon қызмет көрсету орталығы Дженнифер Лопестің концертіне билет сатқанда сайт істемей, техникалық ақау болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық