«Джей Ло концертіне билет»: Ticketon бір жылдық пайдасынан айырылды
Фото: Instagram/Jlo
Ticketon қызмет көрсету орталығы Дженнифер Лопестің концертіне билет сатқанда сайт істемей, техникалық ақау болған еді. Осы үшін компания азаматтарға билет ақысын қайтарып, қосымша өтемақы төлегелі жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Freedom Holding компаниясының басшысы Тимур Турлов Threads желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Мұндай концертке деген жоғары сұраныс бұрын-соңды болмаған. Сол үшін билеттерді сатып жатқанда сайт көтере алмай, база күйреді. Соның салдарынан көп билет бірнеше рет сатылып кетті. Әріптестеріміз билеттердің қайта сатылып жатқанын байқаған кезде сатуды тоқтатты» деп жазды ол.
Сатуды тоқтатқаннан кейін, қайталанған билеттер саны стадионға сиятын адам санынан шамамен 10%-ға асып кеткен.
Турловтың айтуынша, олар мыңдаған броньды қолмен ауыстыруға тырысқан. Компания концертке барғысы келетіндерге тегін жаңартылған (upgrade) билеттер ұсыну үшін ұйымдастырушылардан қымбатырақ билеттерді өз есебінен сатып алу туралы шешім қабылдаған. Дегенмен, Турловтың айтуынша, бұл шешім бәріне бірдей ұнай қоймайтынын олар біледі.
«Біріншіден, біз барлық клиентке ақысын толық қайтарамыз. Бұл — концерттен түсетін біздің жалғыз табысымыз. Екіншіден, «дубль» болған клиенттерге арзанырақ балама жолдар табылған жағдайда, біз ұйымдастырушылардан билетті өз есебімізден сатып алып, ақшасын клиентке қайтарамыз. Олар концертке тегін бара алады. Үшіншіден, егер біреудің орны ауысып, билеті басқа орынға немесе билеті қымбаттау болған фан-аймаққа (би алаңына) ауыстырылса, біз билеттің 50%-ына тең өтемақы төлейміз. Бұл ретте билетті толық құны бойынша қайтарып, 50% өтемақыны да алуға болады. Төртіншіден, егер біз балама таба алмаған және ваучер бере алмаған клиенттер болса, оларға ақшасын толық қайтарамыз және билет құнына тең өтемақы төлейміз. Яғни, олар екі есе ақшасын қайтарып ала алады» деп жазды Турлов.
Оның айтуынша, жалпы өтемақы қаражаты бірнеше жүз миллион теңге болған. Бұл олардың бір жылдық пайдасына тең шығын.
«Біз клиенттерімізге ақша қайтарып, кешірім сұрауымыз керек деп есептейміз» деп жазды Турлов.
Еске сала кетейік, үкімет танымал әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 15 мыңға жуық турист келіп, мемлекеттік бюджетке 400 миллион теңге көлемінде салық түсетініне сенімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық