Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
Фото: Оrda.kz
Дубайда ауыр қылмыстар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық азаматтың ісіне қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген, ал сотталған азамат апелляциялық шағым түсірген. Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, Қазақстан тарабы бұл жағдайдан хабардар және істі бақылауда ұстап отыр.
«Құзыретті органдардан алынған ресми ақпаратқа сәйкес, 18 наурызда Дубайдың бірінші сатыдағы соты оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және айыппұл тағайындады», — деді ол.
СІМ мәліметінше, қазақстандық азамат 2025 жылы БАӘ құзырлы органдары қозғаған қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі болған. Әмірлік тарабы бұл істі адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру секілді ауыр қылмыстар санатына жатқызады.
Алайда министрлік өкілдері үкімнің әзірге заңды күшіне енбегенін атап өтті. Себебі сотталған азамат апелляциялық шағым түсірген. Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен елшілік бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.
Оқи отырыңыз:
Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
«Сүйісейік» деп тиіскен: Мас ер адам автобуста қыздардың мазасын алды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық