Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
Фото: Оrda.kz
22 жастағы қазақстандық Ернұр Алмахан Дубайда өмірбақиға сотталып, оған 300 млн теңге айыппұл салынған. Жұмыс істеп, нәпақа табамын деп кеткен жігіт жат елде өмірбақиға сотталып кетердей не істеді? Сыртқы істер министірлігінің бұл оқиғаға қатысты жауабы қандай? Orda.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.
Ернұр Алмаханның анасы Нұргүл Алмаханова бүгінгі баспасөз мәслихатында баласына жала жабылғанын айтып, ұлының өмірбақиға сотталып кетердей қылмыс жасағанына сенбейтінін жеткізді. Анасының айтуынша, ұлы 2024 жылдың қыркүйегінде Дубайға жұмыс істеймін деп кеткен. Жат елге барған сәтінен бастап анасымен екі-үш күн сайын байланысқа шығып тұрған екен.
«Ол барған кезде сол жақта такси жүргізушісі болып жұмыс істеді. Маған күнара хабарласып тұрды. Ең соңғы рет 2025 жылға қадам басарда жаңа жылдың алдында бір хабарласты, содан байланысқа шықпады. Араға біраз уақыт салып, өзі істі болғанын айтып хабарласты. Ол кезде балам маған өзіне жала жабылғанын әрі кінәсіз екенін, босап шығатынын айтты, біз оған сендік. Нақты қандай жала жабылғанын не іс екенін айтпады. Шыны керек ұлым кішкентайынан өзі жұмыс істеп, өздігінше мәселелерін шешіп жүретін. Біз соған сеніп, шешілетін шығар, жала болса ақталатын шығар деп жүрдік», — дейді анасы.
Араға біраз уақыт салып, баладан хабар болмаған соң ата-анасы өз бетінше консулдық пен сыртқы істер министірлігіне хат жазып, сұрау сала бастайды. Содан 14 cәуірде министірліктің ата-анасына берген ресми хатында Ернұр Алмаханға қатысты 18 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің бірінші сатыдағы сотында өмірбақиға сотталды деген үкім шыққаны айтылған. Оған қоса Алмаханға 2 540 000 дирхам, яғни, 300 млн теңге айыппұл салынғаны туралы ақпаратты естіп ата-анасы абдырап қалған.
«Бас консулдықтың мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 18 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің бірінші сатыдағы соты Қазақстан азаматы Алмахан Ернұрға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол іс бойынша басқа тұлғалармен бірге 2 540 000 дирхам көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 2026 жылғы 1 сәуірде аталған шешімге апелляциялық шағым берілді. Істі қайта қарау 27 сәуірге жоспарланған. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда, үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот процесі толық аяқталып, шешім заңды күшіне енгеннен кейін ғана сотталған тұлғаны Қазақстан Республикасына беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бас консулдық өз құзыреті шеңберінде қажетті қолдау көрсетуге дайын» деп жазылған ата-анасына министірліктің берген жауабында.
Осы істі қолға алып отырған заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ернұр Алмахан Қазақстанның азаматы, қолында еліміздің төлқұжаты бола тұра не министірлік, не сол жақтағы өз мемлекеті мен оның азаматтарының заңды мүдделерін қорғау істерімен айналысатын консулдық Алмахан бір жылдан астам тергеу изоляторында жатқанда, одан соң негізгі сот отырыстарында еш хабар алмағаны ма деген заңдық сұрақ туындайды.
«Сыртқы істер министірлігі тарапынан шұғыл және нақты әрекет қабылдап, азаматымыздың құқықтары халықаралық деңгейде толық қорғалғанын қалаймыз. Сонымен қатар, істің әділ және жан-жақты тергелуін қамтамасыз етіп, жазаны өтеу немесе экстрадициялау мәселесін қарастырып берсе екен деген талабымыз бар. Бүгін де біз Алмаханның нақты қандай іс бойынша өмірбақиға кеткенінін еш хабарымыз жоқ. Министірлік осыған қатысты нота жолданғанын жазыпты, ал апелляциялық сот 27 сәуірге жоспарланған екен»,– дейді заңгер Инга Иманбай.
Orda.kz осы іске қатысты Сыртқы істер министірлігіне сауал жолдады. Министрлігі БАӘ-де ұсталған Қазақстан азаматы Е. Алмаханға қатысты жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.
«2026 жылғы 18 наурызда Дубай қаласының бірінші сатыдағы соты азамат Е.Алмаханды бірқатар ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру және айыппұл төлеу туралы үкім шығарған болатын. Аталған азамат тарапынан аппеляциялық шағым түсірілді. Осыған байланысты Үкім әлі күшіне енген жоқ. Өз кезегінде Қазақстанның Елшілігі БАӘ-нің құзыретті органдарына ресми сұрау жолдады. Қазіргі уақытта жауап күтілуде»,– деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар, Дубайдағы Бас консулдық өз құзыреті шеңберінде тиісті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп жатқанын әрі мәселе министрліктің ерекше бақылауында екенін жеткізді.
Оқи отырыңыз:
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты