ҚДТ жақтастары қаңтардағы оқиғаға қатысты жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда тыйым салынған «ҚДТ» және «Көше» (экстремистік деп танылған) ұйымдарының жақтастары қаңтар оқиғасына қатысты жауапқа тартылды.
Осылайша, Шымкентте ҚДТ-ның үш жақтаушысы қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін үш жылға сотталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Қилымжановтың айтуынша, олар тәртіпсіздіктерге қатысқан.
«Шымкентте сот үкімі бойынша тыйым салынған ұйымның үш жақтаушысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырып қана қойған жоқ. Сонымен бірге қиратулар және мемлекет мүлкін бүлдірумен бірге қалалық әкімшілік ғимаратына шабуыл жасады» деді Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, тергеудің екі аптасында терроризм актісі бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 32-ге дейін өсті. Ішкі істер органдарының тергеушілері арқылы 381 қылмыстық іс қозғалып, 10 күдікті қамауда отыр.
Бүгінгі күні қаңтардағы қиратуларға қатысқан 83 қазақстандық нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
2000-нан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында.
Жаңалықтар
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды